Біз туралы

Назарбаев Университетінің жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебіне қош келдіңіздер. Біздің мектеп - қазіргі заманғы ғылымның іргелі пәндерінің кең спектрін қамтитын, зерттеу мен білім беруге арналған профессорлар мен студенттер қауымдастығы.

Біздің мектеп студенттерге биология, химия, математика және физика, сонымен қатар әлеуметтану және антропология, экономика, тарих, саясаттану және халықаралық қатынастар, әлем тілдері мен әдебиеті саласындағы білім бағдарламаларын ұсынады. Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі бакалавриат бағдарламаларына қосымша биология, химия, экономика, математика, физика, еуразиялық зерттеулер, саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы магистрлік бағдарламалардын ұсынады, ал докторлық дәреже алғысы келетіндерге жаратылыстану ғылымдары және еуразиялық зерттеулер саласындағы бағдарламаларын ұсынады.

ЖӘГҒМ-де студенттер докторлық дәрежесін әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарын алған оқытушылардан білім алады. Мектептің оқытушы-профессорлық құрамы ғылыми зерттеулермен шұғылдануларымен қатар, өздерін әрі озат ұстаз, әрі керемет тәлімгер ретінде көрсетеді. Біздің ғалымдар жаратылыстану саласындағы 90-ға жуық зертханаларды басқарады, атап айтқанда біз еуразиялық аймақта тәжірибесі бар ғалымдарға, сондай-ақ ресурстарды және зерттеушілерді бірегей аймақта үлестіруге баса назар аударамыз.

Біздің студенттерге ұстаздармен жақсы қарым-қатынас орнату үшін кішігірім кабинеттер мен тұлағалық-бағдарланған оқыту тәсілдері қарастырылған. Сонымен қатар, ЖӘГҒМ Студенттік кеңес орталығы мен Академиялық жазу орталығы сияқты академиялық мәселелерді шешуге көмектесетін орталықтарды ұсынады.

Мен 2011 жылы Назарбаев университеті ашылғаннан бері университеттің өмірінің бүкіл салаларына қатысуға тырысып журмін. Осы уақыт ішінде мен көптеген маңызды сәттердің куәгері болдым. Жаңа саяхатты бастаған студенттердің бізге білдірген зор сенімі; Назарбаев ууниверситетітінің арманын орындау үшін, әлемнің түпкір-түпкір жерлерінен келген ұстаздардың жанқиярлылығын көрсеткені; оқытушылар мен студенттердің нәтижелі жұмысына мүмкіндік жасап, қызметкерлердің ерінбей-жалықпай еңбек етуі – осының барлығы да ерекше мезеттердің бірі.

Ең алғашқы мақсаттарымыздың бірін орындап, біз енді әлемдегі жаңа инновациялық жобаларды жүзеге асыру арқылы ең үздік университеттердің біріне айналуымыз үшін, университетті қайта бағдарлауға көшеміз. Мен ЖӘГҒМ-нің үздік тобымен жұмысты одан әрі жалғастыруды асыға күтудемін, және одан да биік жетістіктерге жететінімізге сенімдімін.

Біздің сайтпен танысып, біздің командамызда өз орыныңызды табуыңызға тілектеспін.

Ізгі тілекпен,

Др. Гонзало Хортелано.

2021 © School of Sciences and Humanities