Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі физика, математика және өмір туралы ғылымдар бойынша үш жаңа докторантура бағдарламаларын ұсынады
Құрметті талапкерлер! Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі докторлық дәрежеге жетелейтін үш жаңа PhD бағдарламаларын ұсынатындығын қуана хабарлаймыз: Математика мамандығы бойынша докторантура Математика мамандығы бойынша докторантура – бұл өздігінен оқып, жетілдіруге және іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, зерттеу нәтижелілігі мен әсерін арттыруға мүмкіндік беретін, математикаға негізделген болашақ зерттеуші, оқытушы немесе маманы болғыңыз келсе, бұл сізге қажет […]
Read More…
Құрметті достар, коронавирус эпидемиясының салдарынан биылғы орыс тілі және еуразиялық зерттеулер саласындағы жазғы мектептің өткізілмейтінін хабарлаймыз. Мектептің іс-шаралары жайлы жаңартылған ақпаратты сайтымыздан таба аласыздар. […]
Read More…
Құрметті талапкерлер! Назарбаев Университетінің магистратура мен докторантура бағдарламаларына (Graduate School of Business-тен басқа), онлайн тіркелудің соңғы мерзімі – 12 мамыр, 2020 жыл (жоспар бойынша). Елдегі соңғы жағдайларға байланысты магистратура мен докторантура бағдарламаларына IELTS / TOEFL, GRE / GMAT сертификаттарын тапсыру мерзімі (Жоғары бизнес мектебінің EMBA, FTMBA бағдарламалары мен Медицина мектебінің резидентура бағдарламасынан) басқа 2020 жылдың […]
Read More…
Жоба жетекшісі профессор Тимур Атабаевтың айтуы бойынша, бұл конкурс жылына бір рет American Chemical Society ұйымының студенттік өкілеттіктерінің арасында ұйымдастырылады. Биыл конкурсқа әр түрлі елден 33 өтініш қабылданды. Грант ақшасына Назарбаев Университетінде жағдайы төмен балаларға арналған химия пәнінен жазғы лагерь өткізу жоспарлануда. ACS NU тұрақты мүшелері: Мұса Едігенов Нурсалим Ахметжанов Томирис Муликова Кали Сарсенбай Азамат Есенгазин […]
Read More…
3 ақпан күні Назарбаев Университеті мен Досым Сәтпаевтың мәдени-ағарту қорының қатысуымен түсірілген қазақстандық журналист, режиссер Райхан Рахымның деректі фильмі жарық көрді. «Biography» әлемдегі ең ірі биотехникалық ғалымдардың бірі Дос Сарбасов жайлы баяндайды. Профессор Сарбасов ұзақ жылдар бойы MD Anderson Cancer Center-де қызмет етті, ал 26 жылдан соң Америкадан Қазақстанға оралды. «Фильм барлық қазақстандық ғалымдарға қолдау білдіру […]
Read More…
«Алтын қалам» әдеби байқауының 2020 жылғы жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Esqiure.kz. Байқаудың номинанттары мен жеңімпаздары «Алтын қалам» ұйымдастырушылары жүргізген зерттеу негізінде анықталды. Байқау аясында «Живая память» ұжымдық монографиясы «Әлеуметтік маңызды тақырыптағы ең үздік кітап» номинациясын жеңіп алды. «Живая память» ұжымдық монографиясы 1930-1940 жылдардағы Қазақстандағы сталиндік қуғын-сүргін тарихын, сол жылдарды еске алуды және қазіргі қазақстандық қоғамның сол […]
Read More…
SSRES студенттерінің орыс тілі немесе қазақ тілі бойынша жеделдетілген курстарын таңдауға мүмкіндігі бар. Бағдарламаға тіркелу ашық. Құжаттарды онлайн түрде тапсырудың соңғы күні – 1 сәуір. Орыс тілі бойынша, SSRES бағдарламасы бастапқы, аралық, озық және озық / жоғары (Beginning, Intermediate, Advanced, Advanced/Superior) деңгейдегі курстарды ұсынады. Сабақтар АҚШ-тың стандартталған оқу бағдарламалары мен оқулықтармен жүргізіледі, яғни студенттер өздерінің оқу орындарындағы тілдік бағдарламаларға кедергісіз орала […]
Read More…
Бұл туралы Назарбаев Университетінің қауымдастырылған профессоры, саяcаттану ғылымдары және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі Жан-Франсуа Каронның жаңа кітабынан көбірек біле аласыз: https://www.palgrave.com/gp/book/9789811503528 Автор Батыс пен Қазақстаннан алынған мысалдарды қолдана отырып, әйгілі саяси философ Макиавеллидің идеяларының қазіргі саяси өмір үшін өзектілігін көрсеткен. Шындығында, Макиавеллидің идеялары ешқашан өз құндылығын жоғалтқан емес. «Machiavellian» сөзі сын есім ретінде аморальды цинизмді […]
Read More…
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ, ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ТҮРКІТАНУ КАФЕДРАСЫ, ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІРЛЕСТІГІ 2020 жылдың 23-25 сәуірі аралағында өтетін қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «АБАЙ ЖӘНЕ АДАМЗАТТЫҚ ГУМАНИЗМ» атты халықаралық форумның АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ Форумның мақсаты: қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер философы Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен […]
Read More…
Халықаралық конференция Назарбаев Университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан 24-26 қыркүйек, 2020 жыл Бұл конференцияның мақсаты дінтану, мәдени антропология, археология, тарих және т.б. саласындағы қасиетті ландшафттарды, діни нысандарды және діннің кеңістіктік өлшемдерін зерттеудегі пәнаралық көзқарастарды талқылау болып табылады. Конференция кеңістік пен ландшафттың теориялық және аналитикалық парадигмаларымен байланысты кез-келген тақырыптарды, аймақтарды, діни дәстүрлерді, әдіснамалар мен технологияларды қамтиды. Конференцияны ұйымдастырушылар […]
Read More…