Research Interest
Қазақ филологиясы, қазақ тілінің синтаксисі, аударма лингвистикасы, оқулықтану.
Бақыт Ақбұзауова 1985 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің филология факультетін үздік дипломмен бітірген. Кандидаттық диссертациясын 2006 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де қорғаған.
Б. Ақбұзауова 1990-2012 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де, 2012-2013 жж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттерінде доцент қызметін атқарған.
«ҚазҰУ-дың үздік оқытушысы» белгісінің иегері (2008 ж.). ЖОО-дағы еңбек өтілі –27 жыл.
1985-90 жылдары редакторлық және аударма жұмыстарымен айналысқан. Көркем аудармалары «Ы.Алтынсарин тағылымы», «Тау толғауы», «Азия, Африка жазушыларының әңгімелері» және «Қызыл алма» атты жинақтарға енген (1985-1990 жж). 2013 жылдан бері Назарбаев университеті «Қазақ тілі және түркітану» кафедрасында қызмет етеді. «Қазақ тілі», «Аударма техникасы», «Қазақ тілінің ғылыми стилі» пәндерінен сабақ береді.
Жарияланымдары.
Бақыт Ақбұзауованың 5 оқу құралын, 2 тестер жинағы жарық көрді.
1. «Қазақ тілінің ғылыми стилін оқыту құралы» (2000);
2. «Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар» (2008);
3. «Кәсіби қазақ тілі» (2011);
4. «Қазақ тілі» (бірлесекен авторлықта) (2015);
5. «Қазақ тілі» В2 (бірлескен авторлықта) (2016);
6. Қазақ тілінен тест тапсырмалары (биологтарға арналған) (2006). –
7. Қазақ тілі және мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәндерінен студенттерге білім берудің жаңа үлгідегі тапсырмалары. (2008).
Б. Aқбұзауованың 50-ге тарта мақалалары Қазақстанда және шетелдерде жарық көрді.
Соңғы кезде жасаған баяндамалары.
Кәсіби бағдарлы «Қазақ тілі» оқу құралдарының құрылымы және оларды таңдау // NCOLTCL конференциясы. Чикаго. АҚШ. 2014.
Салыстырмалылықтың функционалды өрісі// NCOLTCLконференциясы. Вашингтон. АҚШ. 2015.
Қазақ тіліндегі келісу-келіспеудің семантикалық мағыналары. Englisc Scholars Beyond Borders» атты конференция// 3-4 желтоқсан, 2015 ж. Измир, Түркия.
Қазақстандағы көптілді отбастыларды көптілді сауаттылыққа үйрету әдістері. Бесінші аймақтық “Central Eurasian Studies Society» конференциясы. 2-4 маусым. 2016 ж. Қазан. Татарстан. Ресей.
- Қазақ тілі. Ортадан жоғары деңгей (В2.1): Оқу құралы.: Qazaq tіlі. Ortadan joǵary deńgeı (B 2.1): Oqý quraly.
Kuzekova, Z., Akbuzauova, B., 2018 - Qazaq tіlі. Qarapaıym deńgeı: Oqý quraly: Kazakh language. Elementary level: Textbook
Kuzekova, Z., Akbuzauova, B., 2018Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы» ,
Academic Kazakh II