13_Saule_M
Cәуле Мұсабекова
Position:
Нұсқаушы
Office Phone:
Website:
CV:

Research Interest

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі эвфемизмдер, әлем әдебиеті, поэзия, абайтану және шет тілін оқыту әдістемесі т.б.

Өмірбаяны
Таңдамалы мақалалары
Ұсынылатын курстар

Cәуле Мұсабекова Қазақ тілі, әдебиет және мәдениет кафедрасында Аға менеджер болып жұмыс істейді. Ол М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік унверситетінің Әлем тілдері факультетін (бакалавриат) және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінің магистратура бөлімін тәмамдаған. Назарбаев Университетіне дейін ол Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ техникалық университетінде ағылшын тілі оқытушысы болып жұмыс істеген. «Bimash» ЖШС-да лингвистикалық топтың үйлестірушісі ретінде Сәуле ғылыми мақалаларды және көркем шығармаларды талдауға; мәтіндерді аударуға; жұмыстардың тұсаукесерін өткізуге (электрондық сөздіктер), Қазақ тілі корпусын жасауға т.б. жауапты болды.

«Мирас» зерттеу клубының мүшесі (2002) ретінде және «Жалын» шығармашылық үйірмесінің (2003) мүшесі ретінде Сәуле университеттің қоғамдық өміріне атсалысып, өзінің алғашқы тырнақалды «Бақыт» атты өлеңдер жинағын оқырмандарына ұсынды. Оның зерттеудегі қызығушылығы қазақ және ағылшын тілдеріндегі эвфемизмдер, әлем әдебиеті, поэзия, абайтану және шет тілін оқыту әдістемесі т.б.

Жас Ғалымдар клубының мүшесі ретінде ол 20-ға жуық ғылыми мақала жариялаған.

2013 жылы CESSI (Central Eurasian Studies Summer Institute) бағдарламасы аясында бастауыш қазақ тілінен сабақ берген. Университетте студенттер мен магистранттарға Бизнес этика және бизнес корреспонденция бойынша семинарлар мен воркшоптар жүргізеді.