Daniel-1-300×237
Дэниел Бебен
Position:
Кафедра меңгерушісі/ Қауымдастырылған профессор
Office Phone:
(70) 9504
Website:
CV:

Research Interest

Орталық Азия, Иран, Афганистан. Ислам әлемі, Діні қоғамдары

Өмірбаяны
Таңдамалы мақалалары
Ұсынылатын курстар

Мен 2015 жылы Индиана Университетінде Тарих және Орталық Еуразия саласында докторлық диссертациямды қорғадым. Менің зерттеулерім Орталық Азия, Ауғанстан және Иран тарихын, сондай-ақ кеңірек ислам әлеміндегі діни қоғамдардың тарихын қамтиды. Қазіргі уақытта Орталық Азиядағы исмаил шииттерінің әлеуметтік және діни тарихына негізделген екі ірі ғылыми жобалармен айналысудамын. Бірінші жоба қазіргі Тәжікстан мен Ауғанстанның исмаилиттері арасында діни ауыстыру, жазба жұмыстары және мәдени жад тәжірибелерін зерттейтін монография. Бұрын зерттелмеген қолжазба материалдарына, ауызша тарихқа, қасиетті жазбалар мен шежірелерге негізделген бұл жоба Орта Азияның исмаилиттері арасында моңғол шапқыншылығынан бастап Кеңес Одағы кезеңіне дейінгі коммуналдық және діни өзіншілдік эволюциясын қарастырады.

Екінші жоба үшін жақында мен және бірнеше әріптесім Ұлттық қордың үшжылдық бірлескен ғылыми грантымен марапатталдық. «Бадахшандағы исмаилизм: генеалогиялық тарих» деп аталатын бұл жоба Тәжікстан мен Ауғанстанның XVI-XX ғасырлардағы жеке қордағы шежірелер мен соларға байланысты хаттар мен қаржылық құжаттарды зерттейді. Жобаның мақсаты – парсы тіліндегі мәтіндерді электрондық нұсқаға көшіру, олардың ерекшеліктерін айқындау, генеалогияның жергілікті жанрларын анықтау және құжаттарды Бадахшанның исмаилдік дәстүрі туралы жергілікті білім көздері ретінде зерттеу. Жоба қорытындылары көпавторлық баспа кітабы түрінде ұсынылады. Және Принстон университетінің кітапханасында ашық қолжетімді электрондық репозиторий құрылады. Бұл Бадахшан исмаилиттері құжаттарының транскрипцияланған және ағылшын тіліндегі алғашқы нұсқасы болады. Жоба исмаилиттік шиит тарихына, Орталық Еуразияның тарихына және ислам әлеміндегі құжаттамалар мәдениетін зерттеуге үлес қосады.

Менің зерттеулеріме гуманитарлық ғылымдар бойынша Ұлттық Қоры, Әлеуметтік Ғылымдар жөніндегі Кеңес, Фулбрайт, Американдық Кеңестер және Исмаил зерттеу институты қаржылық қолдау көрсетті. Мен ғылыми зерттеулерім мен білім беру тәжірибем үшін бірнеше рет марапатталдым. Соның ішінде 2015 жылы үздік диссертация бойынша Ирандық Зерттеулер Қоры сыйлығы және 2016 жылы Назарбаев Университетінің «Жалпы білім беру саласындағы үздік жетістіктері үшін» марапаты. Бұдан бөлек, Парсы Қоғамдарын Зерттеу Қауымдастығында қазынашы ретінде және жаңадан құрылған Азиядағы Халықаралық Ислам журналы редакциялық алқасында қызмет еттім, ал қазір хатшы ретінде қызмет етемін. Бұрын Индиана университетінде Орталық Еуразия тарихынан сабақ бердім және Назарбаев Университетінде 2015 жылдың тамыз айынан бастап сабақ бере бастадым.