jenni_l
Дженни Летинен
Position:
Ассистент профессор
Office Phone:
(70) 5784
Website:
CV:

Research Interest

Латын Америкасының әдебиеті, мәдениеті және тарихы
Мәдениеттану (әсіресе экранизация және сабын опералары)
Ұлт теориясы

Өмірбаяны
Таңдамалы мақалалары
Ұсынылатын курстар

Д-р Дженни Летинен Назарбаев Университетінің Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебіндегі «Әлемдік тілдер және әдебиет» кафедрасында профессордың ассистенті қызметін атқарады.

Д-р Летинен 2011 жылы Латын Америка әдебиеті саласы бойынша докторлық дәрежесін Оксфорд университетінің Вольфсон колледжінде алды. Сондай-ақ Дженнидің  Оксфорд университетінің Вадхэм колледжінде Еуропа әдебиеті бойынша алған магистр дәрежесі және Лондон университетінің Мэри Ханым (Queen Mary) колледжінде   алған ағылшын тілі мен  тарихы бойынша бакалавр дәрежесі бар. Назарбаев Университетіне келмес бұрын Оксфорд Университетінде сабақ берді және Эксетер университетінде оқытушы ретінде жұмыс істеді.

Финляндияда туылғанына қарамастан д-р Летинен Испания және  Ұлыбритания Біріккен корольдігінде өмірінің көп бөлігін өткізді. Ол ағылшын, испан, швед және фин тілдерінде еркін сөйлей алады. Дженни өзін бір елдің емес, бүкіл әлемнің азаматы ретінде санайды.

Д-р Летинен Латын Америкасы мен Кариб теңізіне қатысты барлық нәрселерге қызығушылық тудырады және оларды Назарбаев Университетінің студенттеріне әлемнің осы бөлігінің қызықты және әртүрлі мәдениетін таныстырғысы келеді. Бос уақытын Дженни саяхаттаумен, жаңа жазушыларды зерттеумен, Педро Альмодовардың киноларын көрумен және йогамен шұғылданумен өткізеді.

Зерттеулері

Д-р Летиненнің докторлық диссертациясын беделді Өнер және гуманитарлық ғылымдар бойынша докторлық диссертациялық кеңесі қаржыландырды. Оның докторлық диссертациясы Венесуэланың саясаткері және оқытушысы Ромуло Гальегостың  Canaima (1935), Pobre negro (1937) және Sobre la misma tierra (1943) романдарының алғашқы толық зерттеуі болып табылады. Оның диссертациялық жұмысы Гальегостың әлеуметтік-саяси эсселері туралы пікір-талас пен ұлттық аллегория және әңгіме құрылымымен біріктіре отырып, Гальегостың идеологиясының жетілуін қайта мазмұндауын ұсынады. Дженнидің докторлық диссертациялық жұмысын Қазіргі заманғы гуманитарлық ғылымдар қауымдастығы жариялауға іріктеп,  2012 жылы оны «Ромуло Гальегосдың Венесуэладағы әңгімелері және ұлттық аллегория» (Narrative and National Allegory in Rómulo Gallegos’s Venezuela) атты монография ретінде басып шығарды.

Қазіргі таңда д-р Летинен көптеген фильмдер мен теленовеллаларды бейімдеудің нәтижесіндегі латын американдықтардың ұжымдық қиялында өмір сүрген Гальегостың алғашқы романы Донья Барбараны (Doña Bárbara (1929)  зерттеуге бағытталған пост-докторлық ғылыми жоба бойынша жұмыс жасауда. Ғылыми жоба ХХ ғасырдың басындағы Венесуэланың ұлттық мәселелерін жалпыға бірдей Латын Америкасы аудиторияларымен қалай сөйлесетінін анықтауға бағытталған.

Д-р Летинен көрнекі мәдениет дәуіріндегі канондық әдеби шығармалардың «кейінгі өміріне» ерекше көңіл бөледі. Оның зерттеу жұмысы кейінгі колониализм, ұлтшылдық, гендер және көрермендердің жауап теорияларын қамтиды.

Іріктелген жарияланымдары:

  1. Narrative and National Allegory in Rómulo Gallegos’s Venezuela (Modern Humanities Research Association: forthcoming December 2012).
  2. Review of Decolonizing Modernism: James Joyce and the Development of Spanish American Fiction, by José Luis Venegas, Forum for Modern Language Studies (forthcoming Summer 2012).

Оқытулары:

Д-р Летинен Мәдениеттану, Латын Америкасы әдебиеті және испан тілін оқытады. Қазіргі таңда ол Назарбаев Университетінде испан тілінен сабақ береді.

Марапаттары:

  1. Ромуло Гальегостың Doña Barbara монографиясын жазғаны үшін «Seed Grant» гранты,  Назарбаев Университеті, 2013-2015;
  2. Испан тілінің дәріс стипендиаторы, Магдален Колледжі, Оксфорд Университеті, 2012;
  3. Каракас саяхаты үшін берілген Abbey-Santander Academic Travel марапаты, Венесуэла, 2009;
  4. Өнер және гуманитарлық ғылымдар жөніндегі докторлық диссертациялық кеңесі, 2008-2011;
  5. Испан тілінен докторлық зерттеулері үшін  Norman-Hargreaves атындағы стипендия, Оксфорд университетінің Вольфсон колледжі, 2007-2008;
  6. Кембридж университетінің  King’s College-не жазғы демалыстарын өткізу стипендиясы,
  7. Лондон университетінің Queen Mary колледжі, шілде 2003.