Helene lunettes
Элен Тибо
Position:
Ассистент профессор
Office Phone:
(69) 4723
Website:
CV:

Research Interest

Этнография, Діни және ұлттық ерекшелік, Кеңес одағынан кейінгі саясат

Өмірбаяны
Таңдамалы мақалалары
Ұсынылатын курстар

Жұмыс уақыты: Сейсенбі 13:30-15:30

Саяси ғылымдар саласындағы философия докторы, 2014, Оттава Университеті

Мен діни плюрализмды зерттеу кафедрасында және Монреаль Университетіндегі халықаралық оқулар орталығында постдокторлық оқуымды бітіргеннен кейін, 2016 жылдың күзінде Назарбаев Университетіне жұмысқа орналастым. Сонымен қатар Назарбаев Университетіне келгенге дейін Монреаль және Оттава университеттерінде дәріс оқыдым. Оған қоса Брюссель Университетінің дипломы бар.

Мен этнография, дін, секуляризм және кеңес одағының мұрасы салаларында маманданамын. Менің зерттеу қызығушылықтарым діни бірегейлікті, әсіресе Орталық Азия елдерінде тәуелсіздік алған сәтінен  бастап исламның өсіп келе жатқан маңызын зерттеуге бағытталған. Менің қазіргі жобаларым қоғамның қайта дәстүрлену кезіндегі Тәжікстандағы еңбек миграциясы мен полигиния арасындағы байланысты қарастырады. Қазір полигиния тақырыбында мақала қарастырылуда.

Зерттеу жұмыстарынан басқа мен Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымымен (ЕҚЫҰ) бірлесіп, Украинадағы бірнеше сайлау бақылауларына қатысып, бұрынғы КСРО мемлекеттерін араладым.