Yermek_A
Ермек Адаева
Position:
Инструктор
Office Phone:
(70) 6267
Website:
CV:

Research Interest

Өмірбаяны
Таңдамалы мақалалары
Ұсынылатын курстар

Адаева Ермек Сабырбайқызы 1974 жылы Алматы облысы Сарқан (бұрынғы Бөрлітөбе) ауданында туған. Ол 1995 жылы І.Жансүгіров атындағы Талдықорған мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтаған. 1996-1999 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аспирантурасында оқыды.

Аспирантураны бітіргеннен кейін ҚазҰУ-дің әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы кафедрасына оқытушылық қызметке қалдырылды. 2013 жылдың 1 қыркүйегіне дейін аталған кафедраның доценті міндетін атқарып келді. 2013 жылы Назарбаев Университетіне қазақ тілі, әдебиет және мәдениет кафедрасына оқытушылық қызметке ауысты.

Е.Адаева 2003 жылы «Бердібек Соқпақбаевтың жазушылық шеберлігі» деген тақырыпта 10.01.02 – мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Е.Адаева 50 -ден астам ғылыми мақала, 4 оқу құралының авторы.

Еңбектері Грецияда, Италияда, Түркияда, Польшада, Ресейде, Тәжікстанда, Қырғызстанда жарияланған. 1 мақаласы импакт факторы бар ғылыми журналда жарияланды. Оннан астам ғылым магистрлерін дайындаған.

Зерттеу еңбектерінің әдіснамалық сипаты – пәнаралық: әдебиет және аударма; әдебиет және мәдениетаралық байланыстар.
Қазіргі кезде филология ғылымдарының кандидаты Е.Адаева SHSS мектебі, қазақ тілі, әдебиет және мәдениет кафедрасының инструкторы.