funda_g
Фунда Гувен
Position:
Ассистент профессор
Office Phone:
Website:
CV:

Research Interest

Әдеби сын, діни ерекшелік және ұлтшылдық

Өмірбаяны
Таңдамалы мақалалары
Ұсынылатын курстар

2010 жылы Түркияның Анкара қаласындағы Гази университетінің Саяси және әлеуметтік ғылымдар мектебінен өзінің докторлық дәрежесін алды [Диссертация тақырыбы: “Діни әдебиет және Түркиядағы діни ерекшеліктің трансформациясы: діни әйел жазушыларды зерттеу”]. Түркияның және Таяу Шығыстың Мемлекеттік басқару институтының (TODAIE, Анкара, Түркия) магистрі дипломын 1999 жылы алды. [Диссертация тақырыбы: «Шетелде тұратын түріктердің білім беру мәселелері және ұсынылған шешімдер». 1990 жылы Ондюкс Мэй атындағы Университетінің Түрік тілі және әдебиеті кафедрасын бітірді (Түркия, Самсун қ.).

2008-2017 жылдары Висконсин-Мадисон университетінде мұсылман қоғамдарының әдебиеті, Таяу Шығысқа кіріспе, сондай-ақ Жетілдірілген түрік және азербайджан тілдерін үйретті. 2011 және 2010 жылдары Висконсин-Мэдисон Университетінде араб, парсы және түрік тілдерін зерттеу институты (APTLII) түрік тілінің бағдарламасының директоры қызметін атқарды. 2006-2007 жылдары Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінде парламент мүшесінің кеңесшісі болып жұмыс істеді. Сондай-ақ, ол Білім министрлігінде (Анкара қ.) оқу жоспарларын дайындау комиссиясының маманы болып жұмыс істеді. 2017 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының (Астана) халықаралық сараптамалық кеңесінің мүшесі.

Фунданың негізгі қызығушылықтары әдеби сын, діни ерекшелік және ұлтшылдық. Қазіргі кезде Түрік әдебиетіндегі діни ерекшелік туралы кітап жобасында жұмыстануда.