Research Interest
Қақтығыс үдерісі, Эксперименттер, Сауда теориясы, Шығыс Азия
Саяси ғылымдар кандидаты, 2016, Мэриленд университеті
Доктор Хойун Кох Мэриленд университетінде доктор дәрежесін алғаннан кейін 2016 жылдың күзінде Назарбаев Университетінде жұмыс істей бастады. Өзінің докторлық дайындығына дейін доктор Кох Сеулдағы Ильмин халықаралық қатынастар институтында жұмыс істеді. Ильминде АҚШ-Корея одағы мен Шығыс Азиядағы қауіпсіздік байланыстарын зерттеумен айналысты. Ол қақтығыстар, эксперименталды зерттеулер және Шығыс Азия мәселелерімен айналысады. Соғыстың сауда моделіне құрылған оның диссертациясы шиеленіс кезіндегі мемлекеттің әрекетіне бағытталған. Ол эксперименттерді, мұрағатты зерттеу және дала зерттеулері сияқты түрлі зерттеу әдістерін қолданады. Оның диссертациясына негізделген жұмыстар конференцияларда көрсетілді және қазіргі кезде жарияланым үшін қайтадан қаралуда.
Қазір ол Солтүстік Кореяның саяси хаттарының интерпретациясын (мағынасын ашу) және келіссөздер талаптарында міндеттемелер мәселесінің құны бойынша эксперименттерді қоса алғанда, бірнеше жобалармен жұмыс жасауда. Оның диссертациясына негізделген, қақтығыс кезіндегі мемлекеттердің талаптан қайту түрлерін таңдау туралы кітап жобасы бар.
- PLS150 – Халықаралық қатынастарға кіріспе
- PLS360 – Сыртқы саясат анализі
- PLS416 / 516 – Саясаттану саласындағы эксперименттер