Vorobyev
Иван Воробьев, Ғылым докторы
Position:
Профессор
Office Phone:
+7 (7172) 706541
Website:
CV:

Research Interest

Профессор Иван Воробьев биомедициналық зерттеу саласында көптеген жылдар бойы академиялық және ғылыми тәжірибелерге ие, оның ішінде: (1) центросом жұқа құрылымы және микротубулалардың динамикасы; (2) кескіге алу және ағымдық цитометрия; (3) жасуша қозғалысының реттелуі және қатерлі ісікті емдеу.

Өмірбаяны
Таңдамалы мақалалары
Ұсынылатын курстар

БІЛІМІ

1979 – Ситология мамандығы бойынша Философия докторы, Мәскеу мемлекеттік университеті, КСРО

1975 – Ғылыми қызметкер, Мәскеу мемлекеттік университеті, КСРО


Профессор Иван Воробьев Мәскеу мемлекеттік университетінің жасушалық биология және гистология кафедрасында Философия докторлығын қорғаған. Содан кейін ол Мәскеу мемлекеттік университетінің Белозерский атындағы физика-химиялық биология институтында ғылыми қызыметкер болып жұмыс стеғен және көп жылдар бойы центросомды құрылымы мен микротубулалардың динамикасы бойынша зерттеулер жасаған. Ол центриол жұқа құрылымын (1980) және центриолды цикл мен жасушалық цикл арасындағы байланысын (1982) егжей-тегжейлі сипаттады. 1983 жылы ол Доктор Зоровпен бірге митохондрия үзіндісін байқаған. 1989 жылы ол Цитология мамандығы бойынша ылым докторы дәрежесін алды. 1997 жылы ол еркін микротубуларды жануар жасушаларының кең таралған бөлігі ретінде сипаттаған. Ол 15 тен астам магистрантқа және 10 докторантқа жетекшілік еткен. 1988-2015 жылдар аралығында ол Ресей негізгі ғылыми қорының 14 грантына бас жетекші болған. 1998-2012 жылдар аралығында, Гематологиялық зерттеулер орталығы (Мәскеу), Гемобластоз функционалдық морфологиясы зертханасының меңгерушісі болған. 1995 жылдан бері ол жасушалық биология және гистология (Мәскеу мемлекеттік университеті) кафедрасында профессор болып тағайындалды және  жасушалық биология, цитоскелет, цифрлы және конфокальді микроскопия, ағын цитометриясы бойынша сабақ беріп келген.


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТАРЫ

Профессор Воробьев бүкіл әлем бойынша ынтымақтастық жасаған: ол Бекман Лазер Институтында (Калифорния университеті, Ирвин, 1992) ғылыми қызметкер, Коннектикут университетінде 2000-2001 профессор Г.Г. Борисимен  (Висконсин университеті, Мэдисон және Солтүстік-Батыс университеті, Чикаго – 1997-2001) бірге зерттеу гранттарының жетекшісі болған, және Палермо университетінде (Италия, 1994-1995) зерттеулер жасаған және микроскопия бойынша сабақ берген. 2005 жылдан бастап Доктор Н Бартеневамен ынтымақтастық орнатып келеді (Бостондағы Балалар ауруханасы – Гарвард медициналық мектебі).