Research Interest
Қазақ ауызша тарихы, Қазақ интеллекуталды тарихы, Қазақ музыкасының тарихы
Мейрамгүл Құсайынова – Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры. Ол Евней Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің түлегі. Филология магистрі ғылыми дәрежесін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Сулеймен Демирел атындағы халықаралық университеттің Ғылыми Кеңесінде қорғады. Магистрлік диссертация тақырыбы: «Қазақ тарихи жырларындағы Кенесары Қасымұлы бейнесі». Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінде «Отан тарихы» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. Диссертация тақырыбы: «ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси өмірі ұлттық ауызша тарихи дәстүрі туындылары негізінде». Сулеймен Демирел атындағы халықаралық университетте «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша докторантураны аяқтады. Докторлық диссертация тақырыбы: «Қазақ тарихи жырларындағы азаттық идея». Құсайынова Мейрамгүл көптеген ғылыми мақалалар мен монографиялар авторы. Ол Қазақстан Республикасының 12-жылдық мектептеріне арналған «Қазақстан тарихы» оқу-әдістемелік кешеннің (оқулық, хрестоматия, оқушының жұмыс дәптері, оқытушының әдістемелік құралы) авторларының бірі. ҚР Білім және ғылым министрлігі, халықаралық қорлар мен Назарбаев Университетінің Ғылыми Орталығының ғылыми жобаларының жетекшісі. «Еуразиялық зерттеулер» магистрлік бағдарламасы бойынша магистрлік диссетациялар жетекшісі. Мейрамгүл тәжірибелі педагог. Ол оқытушылық қызметін Е.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінен бастап, кейін Абай атындағы Қазақ ҰПУ, С.Демирел атындағы Халықаралық университет, Қазақстан-Британ техникалық университетінде табысты жалғастырды. Оқу үрдісіндегі педагогикалық бағыт-бағдары – студенттерге Қазақстан тарихын маңызды мәселелерін тарихи деректер негізінде сыни талдау арқылы оқыту, рухани жаңғыру мен жаһандану аясында қазақтардың тарихи-мәдени дәстүрлері трансформациясын саралау, білім сапасын арттыру мен студент білімін бағалауды жетілдіру, жаңаша оқу курстарын ұсыну болып табылады. Ғылыми-зерттеу қызығушылығы – қазақ халқының ауызша тарихи дәстүрі, ауызша дәстүр мен тарихи шындық ара-қатынасы, түркі халықтарының эпикалық дәстүрін тарихи-әдеби салыстырмалы талдау, қазақ халқының тарихи жырлары мен аңыздары, қазақ музыкасының тарихы, қазақ даласындағы Ресей отарлау саясаты шеңберіндегі қазақ элитасының тарихы. Марапаттаулары: «ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы» (2009); «ҚР Білім беру ісінің үздігі» (2000); «ҚР Білім және ғылым Министрінің Алғыс хаты» (2015); «Назарбаев университеті Президенті Алғыс хаты» (2016).
- Kussainova, M. Historical songs as a cultural memory of the kazakh people // Materials of the International Symposium on «Culture Dialogue on the Silk Road Countries», Erzurum, May 5-6, 2016, pp.338-341, ISBN 978-975-442-813-1
- Kussainova, M. The role of oral history in restoration of people’s historical memory// Collection of the materials of International Conference “Communication Horizons oral history”. – Kyiv, 2015 – pp 135-142. ISBN 978-477-6394-37-3
- Nysanbaev – mastermind of the liberation struggle // Materials of the Republican Scientific-Practical Conference «The role of the Kazakh language in the world: problems and future», which was dedicated to the 60 anniversary of the professor Z. Kuzekova, Astana – 2015. – pp. 231-237. ISBN 978-601-7376-18-5
- Kussainova, M. Idea of freedom in Kazakh poetry // Materials of the International Symposium on Asian languages and culture АDESS-ІІІ.- Kayseri, Turkey, 2015.- 129-143, ISBN 978-975-6478-80-6
- Kussainova, M. Artistic image of the people’s memory// Materials of the Republican Scientific-Practical Conference dedicated to the 75th Anniversary of Academician, Doctor of Letters M.Sergalieva, Astana – 201- pp. 252-259, ISBN 978-601-7429-39-3
- Kussainova, M. The “Kenesari-Naurizbay” poem by Nisambay Jirau and its role in the Kazakh History// The Kazakh Civilization, Qaynar Universitinin Habarshisi – Almaty, 2013. – №4 (41), рр.54-59
- Kussainova, M., Iskak History of Kazakhstan (in Kazakh and Russian). Textbook for the 11th year at 12-year public schools (in Russian) Ministry of Education and Science of Kazakhstan, – Almaty: Mektep, 2013. – 287 pages
- HST 100 Қазақстан тарихы
- KAZ 202 Қазақ әдебиеті
- KAZ 230 Қазақ мәдениеті
- KAZ 199 Қазақ тілін интенсивті оқыту
- KAZ 356 Қазақ музыка тарихы