Tsyrempilov
Николай Цыремпилов
Position:
Ассоциированный профессор
Office Phone:
(70) 5768
CV:

Research Interest

Өмірбаяны
Таңдамалы мақалалары
Ұсынылатын курстар

Николай Цыремпилов Гуманитралық және әлеуметтік ғылымдар мектебінде қауымдастырылған профессор қызметін атқарады. 2011 жылы профессор Циремпилов Санкт-Петербургтегі Ресей Ғылым Академиясының Шығыстану институтында өзінің кандидаттық диссертациясын қорғады.  Оның кандидаттық диссертациясы XVIII ғасырдың тибет агиографияларының тарихи талдауын қамтиды. Диссертация XVIII және ерте XX ғасырдағы Ресей мемлекеті мен Буддалық Бурят қауымдастығының арасындағы өзара мәселелерді қамтыды және 2016 жылы осы диссертация үшін Николай Цыремпиловқа Бүкілресейлік аттестациялық комиссия тарих бойынша ғылым докторы дәрежесін берді.

Николай Тибет, Моңғолия және Ресей жеріндегі Будда қауымдастықтарының тарихын және Тибет буддизмнің Орталық Еуразия мен Ресейдің саяси тарихындағы рөлін зерттеп, сипаттайтын бірнеше мақалалар мен монографиялар жариялады. Ол негізінен Тибеттегі буддалық діни қауымдастықтарының қалай қалыптасқанын және осы процесске мемлекеттің тигізген әсерін зерттейді. Сонымен қатар, Николай Моңғол және Тибеттің жазба мұраларын зерттеп, каталогтар сериясын құрастырып, бірнеше үлгілерін жариялады.

Назарбаев Университетінің профессоры болмастан бұрын, 12 жыл аралығында Николай Моңғол институтының Шығыс қолжазбалар мен ксилография орталығының және Ресей ғылым академиясының буддалық және тибеттік зерттеулер бөлімінің (Улан-Удэ, Ресей)  аға ғылыми қызметкері ретінде, Принстондағы перспективалық ғылымдар институтының мүшесі (АҚШ) және Бурят мемлекеттік университетінің тарих факультетінің меңгерушісі (Ресей) ретінде қызмет атқарды. Профессор Цыремпилов Гамбург университеті (2002), Тохоку университеті (2002), Индиана университеті (2003), Тибет зерттеулер бойынша Орталық университеті (2006, 2009) және Хоккайдо университетіндерінде (2007-2008) шақырылған зерттеуші ретінде жұмыс жасады.

Іріктелген гранттар және марапаттары:

  1. 2002 – Deutscher Akademischer Austausch Dienst, Қысқа мерзімді грант
  2. 2002 – Буккио Дендо Киокай сыйлығы
  3. 2003 – Халықаралық зерттеулер алмасуы, Өңірлік Ғалымдармен алмасу бағдарламасы
  4. 2004 – Ресей ғылымына қосқан үлесі үшін Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің құрметті грамотасы
  5. 2006 – ғылыми зерттеулер жетістіктері үшін Бурятия Республикасының Білім және  ғылым министрлігінің Құрмет сыйлығы;
  6. 2007 – «Қоғамдық тану» Ұлттық қорының федералды бөлімінің  «Сібір мұрасы» құрмет дипломы
  7. 2007 – үздік ғылыми зерттеу үшін сенатор Виталий Малкиннің «Эра» атты қайырымдылық қорының гранты
  8. 2007-2008 –  Хоккайдо университетінің Славян зерттеу орталығында 4 ай жұмыс жасағаны үшін 21-ші ғасыр бағдарламасының бас директорының гранты (Жапония)
  9. 2008-2009 – Гуманитарлық ғылымдардың  (# 08-01-12117в) ресейлік қоры – “буддалық канон электроникалық ғарышта”
  10. 2010 – Кембридж университетінде қысқа мерзімді жұмыс істегені үшін Sigrid Rausing Foundation гранты, Моңғолия және Ішкі Азияның зерттеулер бөлімі
  11. 2010 – Бурятия Республикасының білім және ғылым министрлігінің «Бурятияның ең үздік жас ғалымы»  құрмет дипломы
  12. 2010 – Беларусь, Ресей және Украинадағы гуманитралық бағдарламасы аясындағы мұрағаттармен жұмыс жасағаны үшін Ғылыми қоғамдардың американдық кеңесінің гранты
  13. 2011 – Ресей Федерациясының ғылыми зерттеулер жұмысына жәрдемдескені үшін берілген Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің құрмет грамотасы
  14. 2011-2012 – Гуманитарлық ғылымдардың  (# 08-01-12117в) ресейлік қоры – “Ресей империясына буддизмның кірігуі: тарихи көздерінің деректер базасын құрастыру”
  15. 2012-2012 –  Хенкель қоры, Гэнджур колонналарының салыстырмалы талдауы: 17-18 ғасырдағы моңғолдардың мәдени тарихына қосылған үлес, Улан-Удэ тобының басшысы
  16. 2013-2014 – Принстондағы перспективалық ғылымдар институтының мүшесі болған үшін Джордж Кеннан гранты
  17. 2015-2016 – Arcadia қорының және Британ кітапханасының құрып кету қаупi төнген мұрағат бағдарламасының гранты, (EAP-813)
  18. 2015-2016 – Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрлігінің гранты –
  19. «Байкал облысының жеке мұрағаттар ғылыми-зерттеуіндегі археографикалық және  IT әдістері: сандық тарихи көздері дерекқор базасын құрастыру»