
Research Interest
Негізгі ғылыми бағыты – салыстырмалы тіл білімі, лингвомәдениеттану, лингвоелтаным
Омарбекова Гүлнара Әбілдақызы – фил. ғыл. канд. (2004), доцент (2011), 1984 жылы Алматы педагогикалық шетел тілдері институтын үздік бітірген, 1994 жылы Қазақ-Түрік Университетін бітірген. Абылай хан ат. Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінде оқытушылық, аспирантура бөлімінің бастығы қызметін атқарды. Каспий қоғамдық Университетінде «Тілдер» кафедрасының меңгерушісі болды (2004-2007). Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде шетел тілдері факультетінің деканы болды.
Г.Ә. Омарбекова 60-қа жуық ғылыми еңбектердің авторы. Г.Ә. Омарбекова – Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының (2010) иегері. Ол Австралияның Гриффит Университетінде ғылыми жобамен (2010-2012) тағылымдадан өтті. Канберрада «Australex-2011» атты халықаралық ғылыми конференцияның арнайы марапаттын иеленді.