Research Interest
Раушан Мырзабекова Қазақ және түркі тілдерін оқыту департаментінде оқытушы лауазымында 2011 жылдан бастап қызмет етеді. Қазақ тілі курстары бойынша жалғастырушы, жетілдіруші деңгейлер үшін, «Риторика», «Бизнес этикет» курстарын жүргізген, қазіргі таңда «Академиялық қазақ тілі ІІ» курсын жүргізеді. 2014 жылы 8 маусым-12 тамыз аралығында жоғары деңгей студенттері үшін «Қазақ әдебиетінің тарихы», жалғастырушы деңгей үшін сөйлесім сабақтарын, 2017 жылы 12 маусым -11 тамыз аралығында, 2018 жыл 18 маусым-10 тамыз аралығында «Intermediate Kazakh» курсын, 2019 жыл 17 маусым- 9 тамыз аралығында АҚШ-тың Висконсин-Мэдисон Университеті Орта Азия тілдерін оқытатын жазғы институтта бастауыш деңгейге арналған қазақ тілі курстарынан сабақ берді.Назарбаев Университетіне дейін Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейінде және Қарағанды облысының №6 Жезді орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмыс істеген.
2002 жылы басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін аяқтаған. Аталмыш университеттің 2006 жылы филология магистрі бойынша ғылыми дәрежесіне ие болды.
Назарбаев Университеті, Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің ұйымдастыруымен (Висконсин-Мэдисон Университетімен серіктестік аясында) «Тілдерді оқытуда инновациялық технологияларды қолдану», «Әлем тілдерін оқыту барысында жергілікті ерекшеліктердің маңыздылығы» және Висконсин-Мэдисон Университетінде «Тілді оқыту барысындағы тапсырмалар түрі және олардың қолданылу мақсаты», «Тілді қашықтықтан оқыту тәсілдері», «Оқылым және тыңдалым әрекеттерін жүзеге асыру барысында студенттердің тілді түсіну дағдыларын жетілдіру», «Студенттерді тілдік тестілерге даярлау тәсілдері», «Студенттердің тілді меңгеру деңгейін бағалауды үйлестіру», «Тілдерді оқытуда коммуникативті тәсілдердің тиімділігі», «Курс мазмұнын жоспарлау әдістері» сияқты семинарларға қатысқан.
Қарағанды облыстық педагог қызметкерлерді жетілдіру және қайта даярлау институтында, Республикалық педагог қызметкерлерді жетілдіру және қайта даярлау институтында, Астана қаласының республикалық «Дарын» орталығында «Мұғалімнің жобалаушылық іс-әрекеті», «Оқу мен Жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту», «Ресурстық Орталықтағы оқу-тәрбие процесін жобалау және ұйымдастыру», «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану», «Дарынды оқушыға – талантты ұстаз», «Білім беру технологиясы – сапалы білім негізі» тақырыптарында біліктілікті арттыру курстары мен семинарларға қатысқан.
Марапаттаулар: Назарбаев Университеті, Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің алғыс хаты, Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсудың алғыс хаты, Астана Білім Басқармасының алғыс хаты , Қарағанды облыстық әкімшілігінің алғыс хаты, Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының ІІ дәрежелі дипломы, Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің алғыс хаты, республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасындағы республикалық конкурстың ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары (KATEV халықаралық қоғамдық қоры).