Research Interest
Ресейдің, Орталық Еуразияның және мұсылман әлемінің ислам тарихы
Розалия Гарипованың ғылыми-педагогикалық басты тақырыбы Ресейдің, Орталық Еуразияның және мұсылман әлемінің ислам тарихы туралы. Ол әсіресе діни беделді, ислам құқығы мен исламдағы әйелдер мен жынысты, сондай-ақ ислам құқығы мен империяның өзара әрекеттесу мәселелерін зерттеуге мүдделі. Розалия 2013 жылы шығыстану бойынша докторлық дәрежесін Принстон университетінен алған болатын. Пенсильвания Университетінің Дінтану бөлімінде Эндрю Меллон атындағы постдокторлық оқу стипендиясын алып, сол кафедрада 2013-15 жылдар аралығында “Орталық Еуразиядағы ислам тарихын”, “Мұсылман әлеміндегі әйелдер мен діни бедел”, “Ислам заңдары мен қазіргі заман” бойынша сабақ берді. 2015-16 жж. Принстондағы Тарихтану Институтының тарихи ғылымдар мектебінің мүшесі және 2016-17 жж. Вашингтондағы Д.К. Кеннон Институтында Джеймс Биллингтон, Вудро Вилсон Орталығы мүшесі болды.
Розалияның қазіргі кітап жобасы – бұл Волга-Орал және Батыс Сібірдегі мұсылман отбасылық өмірінің діни тарихы туралы. Империялық басқарудың улема діни беделіне және мұсылман отбасы заңына әсерін қарастырады. Аймақтың ислами билігіндегі өзгерістер исламдық неке мен ажырасудың өзгеруіне әкелді және олардың заңдылықтары туралы жаңа түсініктер енгізді. Бұл кітап жобасы үшін Розалия әртүрлі дереккөздерді біріктіреді: Орынбор мұсылман рухани ассамблеясына берілген үйлену және ажырасу туралы өтініштер, ислам интеллектуалды дереккөздері және ХХ ғасырдың басындағы мұсылман мерзімді баспасөздері.
Стипендиялар мен гранттар:
Джеймс Биллингтон стипендиясы, Кеннан институты, Вудроу Уилсон орталығы, Вашингтон, 2016-17 жж.
Тарихи зерттеулер мектебінің стипендиясы, Advanced Study институты, Принстон, 2015-2016 жж.
Эндрю Меллон докторантура оқу стипендиясы, Пенсильвания Университеті, Дінтану кафедрасы, 2013-2015жж.
Магистратура стипендиясы, Принстон халықаралық және аймақтық зерттеулер институты (PIIRS), 2012-13 жж.
Зерттеу стипендиясы, Діни зерттеу орталығы, Принстон университеті, 2012-13 жж.
Дональд және Мэри Хайд гуманитарлық ғылымдар бойынша шетелде оқуға арналған диссертациялық зерттеулер бойынша стипендия, 2010-11 жж.
Жарияланымдары:
“Did the Ākhūnds Disappear? Islamic Legal Experts and the Breakdown of the Traditional Islamic Legal Order in the Russian Empire,” Yearbook of Islamic and Middle Eastern Law (forthcoming in September 2017).
“Muslim Female Religious Authority in Russia: How Mukhlisa Bubi Became the First Female Qāḍī in the Modern Muslim World,” Die Welt Des Islams 57 (2017), 1-27.
“Married or not Married? On the Obligatory Registration of Muslim Marriages in Nineteenth- Century Russia,” Islamic Law and Society 24 (2017), 112-141.
“The Protectors of Religion and Community: Traditionalist Muslim Scholars of the Volga-Ural Region at the Beginning of the Twentieth Century,” Journal of Economic and Social History of the Orient, vol. 59, Issue 1-2 (February 2016), 126-165.
“Muslim Women’s Religious Authority and Their Role in the Transmission of Islamic Knowledge in Late Imperial Russia,” Tatarica, 5 (January 2016), 152-165.
- Қазақстан тарихы
- Ислам тарихындағы әйелдер мен гендерлік