saule_D
Сауле Дощанова
Position:
Нұсқаушы
Office Phone:
(69) 4808
Website:
CV:

Research Interest

тілді меңгеру, лингвистика және нейролингвистика

Өмірбаяны
Таңдамалы мақалалары
Ұсынылатын курстар

Сауле Дощанова ағылшын және француз тілдері бойынша бакалавр дәрежесін Қостанайдың Педагогикалық университетінде алды. Оқу барысында «Шет тілдерін оқыту мен зерттеуде театр әдістеріy қолдану» тақырыбында зерттеу өткізді. Бакалавр дәрежесін алғаннан кейін,  оқуын шетелде жалғастырды. Сауле Дощанова магистр дәрежесін «Француз тілі екінші тіл ретінде» саласында  (FLE, Master 2 Professionnel) Францияның Perpignan Via Domitia университетінде алды. Университетте “Қазақстандағы француз тілін меңгеруде ICTS қолдану” тақырыбында зерттеу өткізді (“Application of the ICTS in French Language Learning in Kazakhstan”; “l’application des TICE dans l’apprentissage de la langue française au Kazakhstan”). Магистратурада оқу барысында Сауле Дощанова Perpignan Via Domitia университеті жанында Француз тілін оқу орталығында шетел студенттері үшін педагогикалық хатшы болып жұмыс істеді. Дипломды алғаннан кейін ол Париж қаласында орыс тілі бойынша сабақ берді.

2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін Сауле Дощанова Астанадағы француз тілінің аккредитацияланған мектебінде жұмыс істеді. Меңгерген дағдыларын студенттерге француз тілін үйретуде қолдана білді. Халықаралық диплом бағдарламасы бойынша француз тілін оқытудың бастапқы деңгейінен жетілдірілген деңгейіне дейін  сабақ берді. Қазіргі кезде Назарбаев Университетінің Гуманитарлық және әлеуемттік ғылымдар мектебінде француз тілінің бастапқы деңгейі бойынша сабақ беріп жатыр.