zhanar_A
Жанар Әбдіғапбарова
Position:
Ассистент профессор
Office Phone:
(70) 5938
Website:
CV:

Research Interest

Қазақ әңгімелері, Алаш әдебиеті, Қазақ әдебиетінің тарихы

Өмірбаяны
Таңдамалы мақалалары
Ұсынылатын курстар

Жанар Әбдіғапбарова Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін 2002 жылы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2002-2004 жылдар аралығында аталмыш оқу орнының қазақ әдебиеті мамандығы бойынша магистратурасын үздік дипломмен тәмамдады. 2004 -2012 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында ассистент профессор қызметін атқарып келді. 2010 жылы «Шәді Жәңгірұлының діни, тарихи дастандары» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады. 40-тан астам ғылыми мақаланың және «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті мәселелері және Шәді ақын» атты монографияның авторы, филология ғылымдарының кандидаты. Кәсіби дәстүрлі әнші. Бірнеше облыстық, республикалық байқаулардың жүлдегері. Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облыстық Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Қанекей, сөйле, қызыл тіл» атты шешендік сайыстың 1- ші орын иегері, Жоғары оқу орындарының арасында өткен «Қалқатайдың дауысы-ай» атты халық әндері байқауының бас жүлдегері атанды. 2012 жылдан бастап, Назарбаев университетінде ассистент-профессор қызметін атқарады.