Research Interest
Этнолингвистика, социолингвистика.
Байтелиева Жанар – Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің ассистент профессоры. Ол 1997 жылы А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Филология, қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылы А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Түркі тілдері» мамандығы бойынша аспирантурасына түсіп, осының негізінде 2007 жылы Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Ғылыми кеңесінде кандидаттық диссертациясын қорғаған.
Байтелиева Жанар Назарбаев Университетіне дейін Сулейман Демирель университетінің (Алматы) ассистент профессоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының (Алматы) ғылыми қызметкері, А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде (Тараз) және Дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейінде (Шымкент) оқытушылық қызметтер атқарған.
Мақалалары:
- “Sociolinguistic issues of language contact in Kazakhstan” // 2nd International Conference on Language, Education and Culture, 27-29 June, 2019. Turkey, Istanbul.
- “Influence of extra-linguistic factors on the formation of Phraseologies in the Kazakh Language” // International Congress on Turkish Geography Social sciences research III. 3-5 September 2018. P. 345-355. Almaty-Kazakhstan.
- “Үштілділік және қазақ тілінің мәртебесі”// “KazNU Herald” periodical. Almaty, 2016, №1(159), p.154-160.
Кітаптары:
- Ақайұлы С., Ахметов Қ., Байтелиева Ж. «Жеріңнің аты – еліңнің хаты». Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы, «Аруна», 2010. – 808 бет.
- Байтелиева Ж. «Қазақ этнолингвистикасы». Оқу құралы. – Алматы, С.Демирел университеті, 2011. – 109 бет.
- Күзекова З., Байтелиева Ж. «Қазақ тілі В1». Оқулық. – Астана, Назарбаев Университеті, 2016. – 104 бет.
- Күзекова З., Байтелиева Ж., “Қазақ тілі В2.2.”. Оқулық. – Нұр-Сұлтан, 2019.
Қатысқан жобалары:
- «Тілді оқытып-үйретудің лингвистикалық негіздер»: функционалдылық аспекті» атты жобаның қатысушысы (жоба жетекшісі: проф. З.Күзекова). Назарбаев Университеті. Зерттеулер мен инновациялар жүйесі, 2014-2016 жж.
- «Имитатив теориясы және қазақ тілі байырғы лексикалық қорының қалыптасу процестері» атты жобаға ғылыми қызметкер ретінде қатысты (жоба жетекішсі: академик Ә.Қайдар). ҚР Ұлттық ғылым академиясы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Этнолингвистика бөлімі, 2009- 2010 жж.
- «Қазақстанның болашағы және қазақ этносының өзіне тән қасиеттерін (феноменін) танып-білу, дамыту» атты ғылыми жобаның қатысушысы (жоба жетекішсі: академик Ә.Қайдар). ҚР Ұлттық ғылым академиясы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Этнолингвистика бөлімі, 2007-2009 жж.
- «Қазақ тілі этимологиясының ғылыми-теориялық негіздері» атты ғылыми жобаға ғылыми қызметкер ретінде қатысты (жоба жетекішсі: академик Ә.Қайдар). ҚР Ұлттық ғылым академиясы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Этнолингвистика бөлімі, 2007-2008 жж.
- «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Жеріңнің аты – еліңнің хаты» атты жобаға ғылыми қызметкер және автор ретінде қатысты. «Адамар» баспасы, 2006-2007 жж.
- Тіл және этнос
- Қазақ мифологиясы