siegfried
Зигфрид Ван Дюффель
Position:
Қауымдастырылған профессор
Office Phone:
(70) 6309
CV:

Research Interest

Мәдени айырмашылықтары

Өмірбаяны
Таңдамалы мақалалары
Ұсынылатын курстар

Зигфрид Ван Дюффель философия ғылымдарын оқыған және заң бойынша философия докторы ғылыми дәрежесін Бельгиядағы Гент университетінде тәмамдаған. Назарбаев Университетіне келмес бұрын, ол Нидерландыдағы Гронинген университеті мен Гонг Гонг университетінде этика және саяси теория сабақтарын жүргізген. Сонымен қатар, Сингапур Ұлттық Университетінде және Хельсинки Унверситетіндегі философиялық психология, адамгершілік және саясаттану шеберлігі орталығында докторлық қызмет атқарған. Профессор Дюффель Уафан және Ұлттық Тайвань Университтеріне қауымдастырылған профессор ретінде шақырылған.

Профессор Дюффельдің негізгі ғылыми-зерттеу қызығушылығы халықтардың мәдени айырмашылығы болғандықтан, Еуропадан көшіп, батыстық емес қоғамда тұруын жалғастырып келеді. Оның қазіргі жобалық мақсаты адам құқықтары және мәдени айырмашылықтар туралы кітабын аяқтау болып табылады. Бұл кітап адам құқытарының теорияларын олар дамыған мәдениеттің аспектісі ретінде сипаттауды көздейді. Сондай ақ, профессор Дюффель адам құқықтарымен байланысы бар интуицияларға салыстырмалы эмпирикалық зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Зигфрид Ван Дюффельдің жұмыстары The Pacific Philosophical QuarterlyThe Journal of Political Philosophy, The Monist, және the European Journal of Philosophy сияқты танымал халықаралық рецензияланған ғылыми журналдарда жарияланған.

Оқыту:

Профессор Дюффель саяси теорияны (батыс саяси ойларының тарихы) және этиканы (нормативтік және қолданбалы этика, этиканың тарихы) оқытуда тәжірибесі бар. Сонымен қатар, профессор дін бойынша салыстырмалы ғылым және отарлық зерттеулер бойынша сабақ берген. Профессордың оқу-әдістемелік мүдделері мәдени психология, іс-қимыл философиясы және мәдениеттің салыстырмалы ғылымдарына арналған.