PSIR хабарландырулар

Covid-19 дағдарысынан біз қандай сабақ алуымыз керек? Бұл туралы профессор Жан-Франсуа Каронның жаңа кітабынан біле аласыз

9789811577673-1.tif

Covid-19 дағдарысынан біз қандай сабақ алуымыз керек және осы пандемиядан біз қандай әсер күтуге болады? Бұл туралы профессор Жан-Франсуа Каронның саяси билік, жаһандану келешегі және Қытайдың көтерілуі туралы эсселерінен тұратын “Covid-19 дағдарысынан кейінгі әлемнің эскизі” атты  (https://www.palgrave.com/gp/book/9789811577673) жаңа кітабынан біле аласыздар. 

 Covid-19 дағдарысы туралы жазылған алғашқы кітабында профессор Карон қоғамның осы пандемиядан қандай сабақ алу керектігін және оның әлемдік тәртіпке әкелуі мүмкін терең өзгерістерді түсінуге тырысады. Бұл очерктер пандемияның либерализмге деген челлендждерін, осы дағдарыс жаһандануды бақылау үшін ұсынатын бірегей әлеуетін және болашақ қақтығыстарды, әсіресе Қытай мен Батыс арасындағы динамиканы қалайша алдын-ала болжайтынын қарастырады.