Еуразиялық зерттеулер саласындағы докторантура бағдарламасы туралы алдын ала хабарландыру
Сипаттамасы:
Назарбаев Университетінің Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі Еуразиялық зерттеулер саласындағы жаңа пәнаралық Ph.D. (докторантура) бағдарламасының ашылуы 2018 жылдың күзінде жоспарланып отырғанын хабарлайды. Студенттердің алғашқы тобын оқуға қабылдау және бағдарламаның іске қосылуы 2019 жылдың тамыз айына жоспарланып отыр. Жаңа пәнаралық бағдарламаның студенттері Назарбаев Университетінің Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің мына кафедралары оқытушыларының бірлескен басшылығымен «Еуразиялық зерттеулер» мамандығы бойынша білім алатын болады:
- Тарих, философия және дінтану
- Қазақ тілі және түркітану
- Тілдер, лингвистика және әдебиет
- Әлеуметтану және антропология
Саясаттану кафедрасы мен Халықаралық қатынастар кафедрасының «Еуразиялық зерттеулер» жаңа пәнаралық бағдарламасына ресми түрде қатыспауына қарамастан, тиісті талаптарға сай келетін білім алушылар жоғарыда көрсетілген кафедралар ұсынатын курстарға қатысу мүмкіндігіне ие болады.
2019 жылға жоспарланған «Еуразиялық зерттеулер» саласындағы пәнаралық Ph.D. бағдарламасы оқуға қабылданған студенттерге Қазақстанның елордасы Астана қаласында орналасқан, оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін халықаралық зерттеу университеті – Назарбаев Университетінің Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінде Ph.D. стипендиясын алу құқығын ұсынады. Бағдарламаның алғашқы екі жылында жыл сайын 4-5 стипендияның тағайындалуы күтіледі. Ph.D. стипендиялары 2019 жылдың тамыз айынан бастап төрт жыл бойы тағайындалатын болады, бұл ретте әрбір стипендия толығымен оқу ақысы мен жатақханада тұру шығыстарының ай сайынғы төлемін қамтиды ( жылдық оқу жоспарының талаптарын ойдағыдай орындаған жағдайда). Студенттер 4 жылдың ішінде өз бағдарламаларын ойдағыдай аяқтайтын болады.
Еуразия контекстінде гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында пәнаралық зерттеулерге қызығушылық танытатын үміткерлерді бағдарламаға қатысуға шақырамыз. Ізденушілердің Ph.D. жобаларына ғылыми басшылықты Назарбаев Университетінің Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің (Астана) оқытушылары мен Гумбольдт Университетінің (Берлин) оқытушылары бірлесіп жүзеге асырады. Курстардың оқу бағдарламасы екі университеттің арасында бөлінеді, бұл ретте студенттер оралымдылық бағдарламасының шеңберінде әріптес университетте кемінде 1 семестр бойы білім алу мүмкіндігіне ие болады.
Жаңа Ph.D. бағдарламасы Назарбаев Университеті мен Берлиндегі (Германия) Гумбольдт Университетіндегі Еуразиялық зерттеулер факультеті арасындағы ынтымақтастықты қаржыландыруды қамтамасыз ететін VWStiftung грантының арқасында іске асырылады. Грант Назарбаев Университеті мен Гумбольдт Университеті арасында студенттер мен оқытушылардың оралымдылығын қаржыландыратын болады.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
– Өтініш беру мерзімінің аяғына дейін үміткерлер Ph.D бағдарламасы бойынша зерттеу тақырыбына сәйкес келетін салада магистратура (М.А.) (немесе эквиваленті) бағдарламасын ойдағыдай және толығымен бітірулері тиіс.
– «Ғылым кандидаты» дәрежесі бар үміткерлер де қатыса алады.
– Барлық үміткерлер 7 немесе одан жоғары деңгейде ағылшын тілін меңгеру деңгейін (IELTS немесе басқа халықаралық деңгейде біліктілікті бағалау баламалары) көрсетуі тиіс.
– Бағдарлама талаптарын қанағаттандыратын халықаралық үміткерлер (басқа елдердің азаматтары) өтініш бере алады.
Өтініш беру рәсімдері:
Өтінімдерді қабылдау туралы ақпарат 2018 жылдың күзіне дейін жарияланатын болады. Өтініштерді тапсырудың ең алғаш мерзімі 2019 жылдың 1 ақпанынан басталады. Бағдарламаның ресми түрде басталуы – 2019 жылдың тамыз айы.
Бағдарламаның егжей-тегжейлі сипаттамасы ағымдағы жылдың соңында мына сілтеме бойынша қол жетімді болады: https://ssh-old.nu.edu.kz
Назарбаев Университеті туралы қосымша ақпарат алу үшін мына веб-сайтты қараңыз: https://www.nu.edu.kz
Жаңа Ph.D. бағдарламасына қатысты нақты сұрақтар бойынша профессор Юлай Шамильоглуға хабарласыңыз: uli.schamiloglu@nu.edu.kz