Халықаралық конференция: «Империяның құлдырау шегінде: Ұлттық азшылықтар және 1917 жылғы Революция»
Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің Тарих, философия және дінтану кафедрасы 1917 жылғы Ақпан және Октябрь революцияларының 100 жылдық мерейтойына орай Назарбаев Университеті базасында «Империяның құлдырау шегінде: Ұлттық азшылықтар және 1917 жылғы революция» тақырыбында халықаралық конференция өткізілетіні туралы хабарлайды. Конференцияның мақсаты посткеңестік мемлекеттердің ұлттық тарихнамаларындағы кедергілерді еңсеру және құлдырайтын Ресей империясының әртүрлі өңірлеріндегі дербес үкіметтердің ынтымақтастығы, түрлі үкіметтік жобалар мен идеологиялық бағыттар, ұлттық және діни қозғалыстар, Революция және Азаматтық соғыстың өтпелі кезеңдеріндегі «ұлттық перифериядағы» қатысушылар сияқты көңіл бөлінбеген мәселелерге назар аударуға бағытталған. Күнделікті зорлық-зомбылық мәселелері мен оларға жауаптарға, жасалған қылмыстар үшін моральдық жауапкершілік, ұжымдық жад мәселелері, ұлттық мифтер мен жүз жыл бұрын болған оқиғаларға байланысты мәселелерге ерекше назар аударылатын болады. Конференцияға қатысушылар өздерінің баяндамалары мен пікірталастарында қазақ даласындағы, Волга-Орал өңіріндегі, Кавказдағы, Сібірдегі және Ресейдің Қиыр Шығысындағы революциялық оқиғалардың тарихын талқылайтын болады. Мұсылмандардың, православ христиандарының және буддистердің саяси дағдарысына түрлі әрекеттер талқылаулардың тақырыбына айналады.
Конференцияға Мәскеудегі және Санкт-Петербургтегі Жоғары экономика мектебінің ғалымдары, Ресей ғылым академиясының Ресей тарихы институтының, Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Тарих институтының, Гейдельберг университетінің, Оксфорд университетінің, Гарвард университетінің зерттеушілерімен қатар, Қазақстанның жетекші ғылыми-зерттеу институттары мен университеттерінің ғалымдары қатысады.
Негізгі баяндамаларды Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және антропология институтының профессоры Жұлдызбек Әбілхожин, Шығыс Финляндия университетінің профессоры Джереми Смит, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Светлана Ковальская және Гонконгағы Линань университетінің профессоры Никколо Пьянчола оқиды.
Конференция Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен және Е. Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Ашылу салтанаты және барлық секциялар Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53 мекенжайы бойынша Назарбаев Университетінің С1 блогындағы Сенат залында өтеді.
Конференцияға қатысқыңыз келсе, nikolay.tsyrempilov@gmail.com электрондық поштасына 2 қарашаға дейін хабарласыңыз. Университеттің аумағында рұқсатнама режимінің болуына байланысты алдын-ала өтінім беру қажет. Конференция бағдарламасы қоса беріліп отыр. Сізді көруге қуаныштымыз!
Конференцияның бағдарламасын жүктеп алыңыз.