Қазақ тілі мен түркітанудың өзекті мәселелері: ХХІ ғасырдағы рухани жаңғыру
Назарбаев Университеті Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі 2017 жылдың 26-28 қазанында «Қазақ тілі мен түркітанудың өзекті мәселелері: ХХІ ғасырдағы рухани жаңғыру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.
Конференция мақсаты – қазақ тілі мен түркітану мәселелерінің ғылыми-теориялық, педагогикалық негіздерін нығайту, тілдік білім берудің әлемдік үздік тәжірибелерін жинақтау.
Конференция ұлттық сананың рухани жаңғыруының өзегі ретінде қазақ тілінің даму бағыттарын, академиялық және кәсіби негізде оқытылу мазмұнын айқындау, озық инновациялық технологияларды қолдану және түркітанудың өзекті мәселелерін талқылау міндеттерін шешуді көздейді.
Конференцияның жұмыс бағыттары:
- Қазақ тілі және ұлттық сананың рухани жаңғыруы.
- Қазақ тілін оқыту және бағалау жүйесі: бәсекелестікке қабілетті жаңа сапалық деңгей.
- Қазақ жазуы және латын әліпбиі.
- «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы – кәсіби тілді жетілдіру алғышарты.
- ХХІ ғасырдағы қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері.
- Лингвоархеология және дүниенің тарихи тілдік бейнесі.
- Мәдениеттер тоғысындағы аударматану мәселелері және ұлттық терминология.
- ХХІ ғасырдағы түркітанудың өзекті мәселелері.
- Түркітану және антропология.
- Тіл мен әдебиет байланысы – рухани дәстүрлер құндылығы.
- Тарих тағылымы – эволюциялық даму кеңістігі.
Конференция тілдері: қазақ, түрік, орыс және ағылшын.
Конференция форматтары мен баяндамалардың ұзақтығы:
- пленарлық жиналыс /әр баяндамашыға – 20 мин./
- секциялық /әр баяндамашыға -15 мин./
- панельдік талқылаулар, коллоквиум /4-5 адамнан біріккен талқылауларға – 90 мин./
- танымал ғалымдардың дәрістері /60 мин./
Конференцияға тіркелу тәртібі:
- конференцияға онлайн тіркелу үшін келесі сілтемені пайдалануыңызға болады:
https://regforms.nu.edu.kz/ssh-congress-kk/
- конференцияның дәстүрлі тіркелу үлгісі негізінде мақала тезисі, төленгендігі туралы сканерленген түбіртек пен өтініш мына электронды пошта бойынша conference2017@nu.edu.kz қабылданады. Өтініш мәтіні 1-қосымшада тіркелген
- Ұйымдастыру комитеті ҚР-ның шетелдегі консулдық мекемелерінен виза алу үшін ресми шақыру дайындайды.
Конференция тезисіне қойылатын талаптар: мақала тезисінің көлемі – 250-300 сөз. Мәтін MS Word бағдарламасында, шрифт Times New Roman, кегль – 12, аралық (интервал) – дара (1), шегініс 1,25 см, барлық жағынан 2 см; мәтін – енінен орналасады. Мәтін соңында 4-5 кілт сөз берілу керек.
Конференцияға тіркелу мерзімі – 2017 жылғы 10 қыркүйекке дейін
Конференция жұмысына қатысу жарнасы:
- Қазақстан азаматтары үшін тіркелу жарнасы – 5000 тенге
- шетелдік азаматтар үшін тіркелу жарнасы – $100.
Конференцияға қатысу шарттары: іссапар шығындары, Салтанатты кешкі ас, мәдени іс-шаралар конференцияға қатысушының өз есебінен төленеді.
Ұйымдастыру комитеті: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қабанбай батыр көшесі, 53, 8-блок, ӘГҒ мектебі, 2-қабат, каб. Байланыс телефондары: 70-63-29, 70-57-98, 70-57-95; Факс: 8(7172) 70-60-54.