Қазіргі уақытта біздің студенттерге келесі тағылымдамалар ұсынылады:
Әлеуметтану және антропология кафедрасы өнерге қызығушылық танытқандар үшін TSE Art Destination-мен хабарласуды ұсынады. Студенттердің қазіргі заман суретшілерінің жұмысын зерттеуге; пікірталастар мен қоғамдық лекцияларға арналған баяндамалар дайындауға; көрмелер мен ашық есік күндерін ұйымдастыруға және қатысуға мүмкіндіктері бар.
Жұмыс сипаттамасы және түйіндеме:
Сатуды жоспарлау және дамыту бөлімінде команда мүшесі ретінде сіз деректерді талдау, клиенттерді зерттеу, бизнес-процестерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша тәжірибе жинауға мүмкіндік аласыз. Сатылымды жоспарлау және дамыту бөлімінің тағылымдамадан өтушісі ретінде сіз деректерді өндіру, қайта құру, үлгілеу, деректерді визуалдандыру, бенчмаркинг және маркетингтік зерттеулерді қамтитын үлкен көлемдегі іскерлік деректермен айналысатын боласыз.
Нақты міндеттер мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
- Инфографиканы, тұсаукесерлерді және техникалық тапсырмаларды дайындау (деректердің үлкен көлемін өңдеу).
- Қызметкерлер мен клиенттермен сұхбат жүргізу
- Cұхбат алу сұрақтарын әзірлеу
- Әртүрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарына көмек көрсету
- Тұжырымдамаларды және автоматтандыру алгоритмдерін дамытуға жәрдемдесу
Қажетті білім мен дағдылар:
- Деректерді талдау дағдылары және сандық дағдылар
- Зерттеу мәселелерін жобалау мүмкіндігі
- Сұхбат сауалнамасын жасау мүмкіндігі
- MS Office, MS Excel, MS PowerPoint сенімді пайдаланушысы
- Қысыл-таяң мерзімде жұмыс істей білу
- Математика немесе әлеуметтану мамандықтарының студенттеріне артықшылықтар беріледі
Жұмыс сипаттамасы және түйіндеме:
Гуманитарлық ғылымдар кафедрасы командасының бір бөлігі ретінде сіздің класта тәжірибе жинап, тәжірибелі тәлімгермен жұмыс істеуге мүмкіндігіңіз болады. Бұдан басқа, сіздің мектептің қалай жұмыс істейтінін көруіңізге, оқытушылық дағдыларыңыз туралы кері байланыс алуға, аудиториядағы тәртіпті сақтауға, мұғалімдердің жиналыстарына қатысуға, білім беру тобының құрамында әрекет етуге, педагогикалық тәжірибеге ие болуға және сабақты жоспарлауға қатысуға мүмкіндігіңіз болады.
Нақты міндеттер мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
- Сабақтар мен презентацияларды дайындауда көмек көрсету.
- Оқытушылық қызметке көмек көрсету.
- Мектепке халықаралық бакалавриат талаптарының (DP және MYP) іске асырылуына жәрдемдесу.
Талап етілетін білім мен дағдылар:
- MS Office, MS Excel, MS Power Point мықты пайдаланушысы
- Ынтымақтастықтың мықты дағдылары
- қысыл-таяң мерзімде жұмыс істей білу
- Антропология және әлеуметтану мамандығы бар студенттерге басымдық беріледі
Қатысу құқығы:
- Студенттер 4.0 балдан кем дегенде 3.0 балл жинауы тиіс.
- 3 және 4- курс студенттері