Назарбаев университетінде Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жылдық мерейтойына арналған «ЖАС ҒАЛЫМ-ІV» атты республикалық студенттердің ғылыми конференциясы өткізілді.
Ұйымдастырушылары: Назарбаев Университеті Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің «Қазақ тілі және түркітану» Департаменті мен Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігі. Назарбаев университетінде конференция биылғы жылы дәстүрлі түрде 4-ші рет ұйымдастырылды. 2019 жылы алғаш рет «Жас ғалым-І» студенттердің ғылыми постерлері көрмесі ретінде Назарбаев университеті студенттерінің арасында ұйымдастырылды. 2020 жылы «Жас ғалым-ІІ» студенттер көрмесі Назарбаев университеті мен […]
Жаз және шұбырған археолог жас: Оқытушы ассистент Айдын Жүнісхановтың сұхбаты
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің қазақ тілі және түркітану кафедрасының оқытушы ассистенті Айдын Жүнісхановтың Курсив медиа порталына берген сұхбаты жарияланды. Сұхбатты оқу үшін сілтемеден өтіңіз. […]
Зерттеу жұмысы: «Алтын Орданың халықаралық байланыстары: 13-15 ғасырлардағы індет, климат және саясат»
Зерттеу тобы: Юлай Шамилоғлы (профессор, қазақ тілі және түркітану кафедрасының меңгерушісі, SSH), Айдын Жүнісханов, Айкен Асқапұлы Бұл жоба профессор Юлай Шамилоғлының Орталық Еуразияның ортағасырлық кезеңіндегі әлеуметтік, экономикалық, мәдени және экологиялық тарихын зерттеуіне қолдау көрсетеді. Профессордың алғашқы еңбегі 13-14 ғасырлардағы Алтын Орданың тайпалық саясатын және қоғамдық ұйымын зерттеуге бағытталған. Кейінірек ол 13 – 14 ғасырлардағы қоғам, […]
«АБАЙ ЖӘНЕ АДАМЗАТТЫҚ ГУМАНИЗМ» атты халықаралық форум
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ, ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ТҮРКІТАНУ КАФЕДРАСЫ, ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІРЛЕСТІГІ 2020 жылдың 23-25 сәуірі аралағында өтетін қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «АБАЙ ЖӘНЕ АДАМЗАТТЫҚ ГУМАНИЗМ» атты халықаралық форумның АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ Форумның мақсаты: қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер философы Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен […]
V Халықаралық Азия тілдері мен әдебиеті симпозиумы (ADES) Назарбаев Университетінде
2019 жылдың 20-22 маусымында Назарбаев университеті гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің қазақ тілі мен түркітану кафедрасы, Эрджиес Университеті (Түркия) және Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен бірлесе (Қазақстан, Түркістан) 5-ші Халықаралық Азиялық тілдері мен әдебиеті бойынша «Мәдениеттер тоғысында» атты халықаралық симпозиумды ұйымдастырды. Симпозиум ғылыми қызметкерлердің басын қосуға және ғалымдар арасында Азиялық тілдерді зерттеуге байланысты идеялар ағынын кеңейтуге бағытталған. Симпозиумда 3 […]