Саясаттану және халықаралық қатынастар магистрі
2014 жылы күзде негізі қаланған саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы магистратура бағдарламасы Қазақстанда саясаттану және халықаралық қатынастар магистранттарына арналған ең бірінші әлемдік деңгейде ағылшын тілінде оқытылатын бағдарлама. Халықаралық деңгейде танылған Солтүстік Америка мен Еуропа профессорлары кең ауқымды курстарды ұсынады. Бағдарлама Солтүстік Америка университеттеріндегі үздік магистрлік бағдарламалар негізінде ұйымдастырылған. Алайда, бұл магистратураның үздік бағдарламаларының көпшілігінен айырмашылығы – біздің бағдарламамыз толығымен қаржыландырылады, ал студенттеріміз әр ай сайын стипендия алады.
Еуразиялық зерттеулер магистрі
Саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасы ағылшын тілінде оқытылатын 120 кредиттік екі жылдық Еуразиялық зерттеулер саласындағы магистрі пәнаралық бағдарламасына өз үлесін қосады. Аймақты зерттеудегі біздің тәжірибеміз дін, көші-қон мәселелері, сот жүйесі, саяси режимдердің тұрақтылығына және зорлық-зомбылық қақтығыстарына, сондай-ақ сыртқы саясат, қауіпсіздік саясаты мен аймақтық басқару мәселелеріне қатысты зерттеулерді қамтиды.