Саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасы

Саясаттану Студенттерінің Ассоциациясы 
Саясаттану студенттерінің ассоциациясы – университетте осы мамандық бойынша оқитын және саясаттану және халықаралық қатынастарға қызығатын студенттерге арналғын ұйым. 2014 жылы қаланған Ассоциация Назарбаев Университетінің ең белсенді студенттік ұйымдарының бірі. Толығырақ ақпарат үшін және қосылу үшін:  psirassociation@nu.edu.kz
Назарбаев Университетінің Біріккен Ұлттар Ұйымы Моделі

Клуб мүшелері Саясаттану және халықаралық қатынастар профессорларының көмегімен БҰҰ отырыстарының симуляцияларында қатысады. Клуб кеңесшісі – Доктор Муита Чача. Клубтың қаланған кезінен бастап оның мүшелері Алматы, Лондон, Стокгольм, Рим қалаларында өткен БҰҰ Моделі халықаралық және өңірлік конференцияларына қатысты. Толығырақ ақпарат үшін және қосылу үшін: numunclub@nu.edu.kz

Саясаттануға шолу

Саясаттануға шолу (@nupsreview) – саясаттану және халықаралық қатынастар магистранттары шығаратын ай сайынғы онлайн-басылым. Оның мақсаты саясат пен халықаралық қатынастарды қазақстандық тыңдаушыларға түсінікті ету және студент, ғалымдар мен білімқұмар ынтагерлердің ой алмасуына хаб ретінде қызмет ету. Толығырақ ақпарат үшін және қосылу үшін: nupsr@gmail.com

2021 © School of Sciences and Humanities