Тарих, философия және дін кафедрасы

Тарих – өткенді зерттеу. Алайда, тарихтың мәні жай ғана не болғанын анықтау немесе атаулар мен жылдардың ұзақ тізімін есте сақтауда емес. Дұрысы, тарихшылар өткенді қоғамның қалай әрекет еткендігін түсіну үшін зерттейді. Мысалы, ауыл шаруашылығының тарихына қарай отырып, табиғи орта, технология және саясат арасындағы қарым-қатынасты ұғынуға болады. Сол секілді, ертедегі этносаралық қарым-қатынасты зерттей отырып, адамдардың не себепті нақты бір этникалық топқа қосылатындығын түсінуге немесе көптілді қоғамдардың қалай әрекет ететіндігін анықтауға болады. Жалпылай алғанда, тарихты зерттеу болашақ мансапта немесе басқа пәндерде қолданысқа қажетті маңызды қабілеттерді дамытуға үлесін қосады. Тарих сабақтарында күрделі ғылыми аргументтерді сыни бағалау мен өз көзқарасыңызды жүйелі және дәлелді түрде ұсынуға үйренесіз. Сонымен қатар, сіз маңызды қоғамдық, саяси және мәдени мәселелерге байланысты өз тұжырымдамаларыңызды жасау үшін ақпарат іздеуге де үйренесіз. Тарих басқа гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдармен тығыз байланысты. Антропология, экономика, немесе тіпті басқа нақты ғылымдар бойынша таңдау пәні барысында қамтыған ақпараттың тарихтың өткен бір кезеңінен көрініс беретіндігіне көзіңіз жетеді.

Философия – күнделікті өмірде туындайтын негізгі мәселелерді зерттеу. Философия сабақтарында біз ақиқаттың болмысы қандай? Жақсылық деген не, адамгершілігі мол дегеніміз қалай? Сананың және білімнің болмысы қандай? Ғылыми болу дегеніміз қандай болу? Адамдар мен мемлекеттердің әділ әрекет етуі дегеніміз нені білдіреді? деген сияқты терең мазмұнды сұрақтарға жауап іздейміз. Философияның мақсаты  деректерді есте сақтау емес, сұрақтар қою, аргументтерді талдау, ойыңды ашық жеткізу және маңызды мәселелер жайында дәлелді түрде жазу.

Дінтану сабақтары діннің адамзат қоғамы мен тарихтағы орны мен қызметіне көңіл аудартады. Дін адамзат басынан кешкен ең әсерлі күш, бұрында да, қазір де. Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың зерттеу тәсілдерін қолдана отырып, студенттер дін жайында мағлұматты қабылдап, ғылыми түрде сыни және жауапты мәнерде талқылауға үйренеді. Діни дәстүрлерді салыстырмалы және қолданыстағы түрінде қарастыра отырып, өз қоғамымыз бен қоршаған әлемді тереңірек түсінуге ұмтыламыз.

Тарих, философия және дін саласында мамандану барысында талап етілетін курстар тізімін жүктеу үшін осы сілтемені басыңыз.

ГӘҒМ тарих, философия және дін кафедрасы ұсынатын курстар тізіміне көз салуыңызды өтінеміз. 

2021 © School of Sciences and Humanities