ЖӘГҒМ-ның виртуалды ашық есік күніне тіркелу басталды
Құрметті аппликант, Назарбаев Университеті Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі сізді 2021 жылдың 10 наурыз күні өтетін көктемгі ашық есік күніне қатысуға шақырады. Төменге өтіп, тіркелгеннен кейін біз сізге іс-шараның сілтемесін жібереміз.
Мектебімізде саясаттану және халықаралық қатынастар, экономика, еуразиялық зерттеулер, биологиялық ғылымдар және технологиялар, қолданбалы математика, физика және химия мамандықтары бойынша магистратура бағдарламалары, сонымен қатар жаратылыстану ғылымдары және еуразиялық зерттеулер бойынша PhD бағдарламалары ұсынылған.
Мектептің виртуалды ашық есік күнінде сіз мектебіздің бағдарламалары, зерттеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктері, құжаттар тапсыру туралы толық ақпарат ала аласыз, және сонымен қатар мектептің академиялық және студенттермен жұмыс жөніндегі қызметкерлеріне өзіңізді қызықтыратын сұрақтар қоя аласыз.
Сессия бағдарламасымен танысу үшін төмендегі кестені қараңыз. Вебинар толығымен ағылшын тілінде өтеді.
# |
Уақыт |
Презентацияның тақырыбы |
Спикер |
1 |
18:00 – 18.10 |
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі деканының сәлемдесу сөзі |
Дэниел Пью, Декан |
2 |
18:10 – 18:40 18:10 – 18:35 18:35 – 19:00 |
ЖӘГҒМ-дегі зерттеу жұмыстары:
Профессор Ұлан Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы және мектептің кафедраларында жүргізіліп жатқан зерттеулер туралы айтады. Ол магистратура және докторантура бағдарламалары шеңберіндегі зерттеу мүмкіндіктері туралы бөліседі. Сұрақ-жауап сессиясы
Постдок Айдар Кемелбай НУ-дағы докторантура, өзінің тәжірибесі туралы, сонымен қоса курстар, оқу жоспары, зерттеу тақырыбын таңдау, эдвайзер, зерттеу жүргізу, тағылымдамадан өту мүмкіндіктері, докторантурадан кейінгі мансап бастау туралы пайдалы ақпаратпен бөліседі. Сұрақ-жауап сессиясы |
Ұлан Биғожин, Ассистент профессор, әлеуметтану және антропология кафедрасы, ЖӘГҒМ Айдар Кемелбай, Постдок, физика кафедрасы, ЖӘГҒМ |
3 |
19:00 – 19:25 |
Биология ғылымдарының студенті Айдана өзінің «HydroPlat» стартапын қалай іске қосқаны жөнінде айтады. НУ-да өзін-өзі дамытудың әртүрлі мүмкіндіктері бар: бірі конференцияларға қатысса, басқалары өз идеяларын стартаптарда жүзеге асыра алады. Ол мектептегі оқумен бірге бірқатар халықаралық конференцияларға, байқаулар мен чемпионаттарға қалай қатысып үлгергендігі туралы өзінің жетістіктерімен бөліседі. Сұрақ-жауап сессиясы |
Айдана Төлешова, Биология мамандығы бойынша бакалавриат студенті, 4 курс, ЖӘГҒМ |
4 |
19:25 – 20:00 |
Сұрақ-жауап сессиясы |
Академиялық және студенттік істер офисі: Майя Давлетова, Әсем Қойшыбаева |