2017 жылғы ГӘҒМ студенттерінің диплом алу салтанаты
2017 жылдың 27 мамыр айында ГӘҒМ-нің үшінші түлектері университетті тәмамдап, қолдарына диплом алды. Күннің тұнжырап, жаңбырлы болуы жас мамандардың кәсіби еңбек жолының бастауының рухы мен көңіл күйін мүлдем жабырқатпады. Рәсімнің ашылу салтанаты НУ президенті Шигео Катсудың кіріспе сөзімен басталды. Бүкіл НУ қауымдастығын осы айтулы күнмен құттықтап, студенттерді осы жетістікке жеткізген қиын жолды дұрыстап саралауға кеңес берді. Оның ең басты кеңесі: “естеріңізде болсын, сіздерге әрқашанда достарыңыз бен жанұяңыз қолдау көрсетеді!” болды.
Салтанатты рәсімнің түстен кейінгі бөлімі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың PhD студенттеріне диплом табыстауымен басталды. Сонымен қатар, Елбасымыз жас әрі өршіл студенттерге “адам неғұрлым көп білген сайын оның мүмкіндігі де соғұрлым арта түседі” деген кеңес берді.
Салтанатты жиынның ақтық мәресі ГӘҒМ-нің деканы мен вице-деканының және осы жылы Ұлыбританиядағы Оксфорд университетінде жұмысын жалғастыру үшін мектептен кететін Еуразиялық зерттеулер бағдарламасының директоры д-р Александр Моррисонның сөздерімен аяқталды.
Биыл 22 магистр және 122 бакалавриат студенттері диплом иегерлері болды. Соның ішінде 23 студент (магистр және бакалавриат) жоғары GPA балдарының арқасында қызыл диплом иегері болды. Сонымен қатар, мектептің озық студенттерінің бірі Мейіржан Байтас пен Іңкәр Айткужинаның Массачусетс технологиялық институты (MIT) мен Ли Куан Ю Университеттерінде (Lee Kwan Yew) оқуларын жалғастыратындарына мектеп мақтан тұтады.