2019 ж. 5 наурыз айында Магистратура және Докторантура Бағдарламалары бойынша Ақпараттық Кеш
Біз 2019 жылы 5 наурызда сағат 17.30-да 9.105 аудиториясында өтетін Назарбаев Университетінің гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар Мектебіне оқуға түскісі келетіндерді магистратура бағдарламалары мен 2019 жылы қабылдау талаптарына арналған ақпараттық кешке шақыруға қуаныштымыз!
Біз Еуразиялық зерттеулер, Саясаттану және Халықаралық қатынастар, Экономика салаларындағы магистратура бағдарламалары туралы айтып береміз.
Сондай-ақ жаңа Еуразиялық зерттеулер саласындағы Докторантура бағдарламасы жөнінде айтып береміз.
Сіздер бағдарлама туралы егжей-тегжейлі, оқу кезіндегі мүмкіндіктер, мансаптық перспективалар және өтініш беру мерзімі туралы біле аласыздар.
Сіздер бағдарлама директорларына қызықтыратын сұрақтарды қойып, негізделген шешім қабылдай аласыздар.
Кешке қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркеліңіз.
Кеш туралы толық ақпаратты +7 (7172) 70-59-14 телефоны арқылы немесе ssh@nu.edu.kz мекенжайына хабарласып біле аласыздар.
Біз сіздерді асыға күтеміз!