Жаңалықтар

Әлеуметтану және антропология кафедрасының студенттік конференциясы

20180407-IMG_3452-960×340

Сенбі, 7 сәуір, 2018, Әлеуметтану және антропология кафедрасы өзінің алғашқы жылсайынғы конференциясын өткізді. Бұл іс-шара антропология және әлеуметтану пәндерінің төртінші курсының он студентіне зерттеу жүргізуге және кафедра мүшелеріне, ГӘҒМ қоғамдастығына және Астананың үлкен қауымдастығына өздерінің нәтижелерін ұсынуға мүмкіндік беретін жылсайынғы негізгі курстың маңызды кезеңі болып табылды. Конференция білім алушылар үшін үлкен жетістік және бұл іс-шара студенттерге өз жұмыстарын белсенді түрде жүргізуі, болашақ жоспарлары бойынша шешім қабылдауы үшін маңызды болып саналады. Конференцияға ГӘҒМ- ның магистранттары мен түлектері, сонымен қатар декан – Даниэль Пу және Ректордың академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары Лоретта О’Доннелл қатысты. Келешекте біз Қазақстанның қоғамдық ұйымдарының, сондай-ақ, Астанадағы басқа университтердің студенттері мен оқытушыларының қатысуын қамтамасыз етуге тырысамыз.

Конференция курсқа қатысты үш бөлімнен тұрады. Біріншіден, бұл тәжірибе студенттерге өздерінің Антропология және әлеуметтану саласында білімі мен дағды алуларына мүмкіндік берді және оларды тәуелсіз курстық зерттеу жобаларын әзірлеп, өткізу үшін қолдануға болатынын  көрсетті. Екіншіден, студенттер өз білімдерінің практикада университеттен тыс жерде қалай қолдануға болатынын ойластыруға мүмкіндік алды. Бұл әсіресе Астанада жұмыс істейтін мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылған студенттердің курстық жұмысында байқалды. Зерттеу нәтижесінде студенттер осы ұйымдарға шешім қабылдауға көмектесетін ақпаратты ұсынды. Сонымен қатар, ұйымдармен жұмыс істеу барысында студенттер болашақта жұмыс іздеуде де, кәсіби мансапта да көмектесетін дағдыларға ие болды. Семинардың үшінші мақсаты – білім алушыларға өздерін зерттеуші және әлеуметтанушылар мен антропологтардың қоғамы ретінде сезінуге мүмкіндік берді. Зерттеу мәселелерін қалыптастыру, деректерді жинап, талдау және әріптестер мен қоғамдастық мүшелеріне нәтижелерді тарату процесі арқылы студенттер зерттеу жұмыстарын басқалардан үйренді, өз жұмысының шектеулері туралы білді және әлеуметтік  ортаны өзін қызықтыратын іспен танысады. Курстық диссертацияны орындаған студенттер үлкен тәжірибе алады, өйткені бұл тәжірибе академияда өз мансабын жалғастырғысы келетіндер үшін бастапқы нүкте болып табылады. Біздің студенттер Оңтүстік Корея мен АҚШ-та өткен халықаралық конференцияларға өздерінің алғашқы зерттеулерін ұсынып келді, ал басқа студенттер өз жұмыстарын мамандандырылған журналдарда жариялауды жоспарлап отыр.