Семинар: Археологиялық артефактілерді талдауға арналған жаңа SEM тәсілдері (SEM-A3)
2023 жылдың 16-17 наурызында антропология зертханамызда көне тоқыма бұйымдарын, өсімдіктерді және керамикалық бұйымдарды зерттеуге арналған заманауи зертханалық әдістері бойынша семинар өтті. Жапониядан келген ғылыми сарапшылар мен Қауымдастырылған профессор Паула Дюпюй практикалық тренинг өткізумен қатар, Қазақстан мен Жапонияның әр түкпірінен келген археологтар мен департаментіміздің студенттер тобына өз зерттеулерінен мысалдар мен дәрістер ұсынды. Семинар НУ С4 зертханасы, Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтымен, JEOL және Жапонияның Nabunken институтымен бірлесіп құрылған.