PSIR жаңалықтар

Баспасөз хабарламасы: Өзіңе басқа көзбен қарау: Еуропаны “жұмсақ күш” қаншалықты құтқара алады?

Malta-Workshop-6-1024×619-1-960×340

Еуропаның «сыртқы әлемдегі» бейнесі ішкі бейнесіне қарағанда жағымдырақ қалыптасқан. Оның басты себебі халықшылдардың және еуроскептиктердің жұмысы ішкі бейнені жағымсыз етіп құруға итермелейді.

“27” және”28”сәуір күндері Мальтада Еуропаның өзіндік имиджі, және Еуропаның шетелдегі имиджі жайлы семинар өтеді. Семинарда сарапшы мамандар Еуропаның өзіндік имиджімен мақтанануы қажет пе деген мәселені қарастырады.

Еуропалық проекттің бейнесі баспасөз және еуроскептиктер арқылы сүйреттеліп жатса, Брюссельдегі мамандар жұмсақ күшті дипломатияның сыртқы жағымды имидж қалыптастырудағы маңызы жайлы зерттемек.

“Мәдени, ғылыми және инновациялық көсбасшылықтың” негізгі тіректеріне сүйенген Көкжиек 2020 бағдарламасының жүзеге асуы барысында зерттеушілер мәдениет, ғылым және инновацияға жүгіне отырып, Еуропаның басқа шет елдермен өзара әрі тығыз қарым-қатынас орнату жолдарын іздестіруде.

Еуропаның шетелдегі имиджін баспасөз және әлеуметтік желілер арқылы сипатталуын қадағалайтын сарапшы мамандар Еуропаның сыртқы бейнесі қолайлы деп жеткізеді, дейді саясаттану профессоры Нэйл Коллинз. Алайда, зерттеушілер нео-отарлық тәсілді ұсынатын кез келген дипломатиялық бастамаға қарсы, деп ескертеді профессор.

“Сонымен қатар, семинарға қатысушылар мәдени дипломатия мен қауіпсіздік мәселелерінің сақтық кеңестері жайлы мағлұмат алады. Еуропалық диаспоралардың өздері шыққан қауымның мәдени және ғылыми өміріне әсер ететін маңызы жайлы зерттеу жұмыстары жүргізілген”, дейді профессор Коллинз.

Осы зерттеу жұмыстары барысында, Еуропаның, Қазақстанның және Түркияның жетекші оқу орындарының академиялық мамандары Еуропалық Одақтың “жұмсақ күшті” қолдану мақсаттарын талқылау үшін Мальтада кездесу өткізеді.

“Ерекше назар мәдениет, денсаулық сақтау, ғылым және инновацияның шетелдік қарым-қатынас орнатудағы орны мен қабілетіне қойылып отыр. Бұл семинар Мальтаның Еуропалық Одаққа төрағалық көрсетіп жатқан кезінде St. Paul’s Bay қаласында өтеді. Семинарда Еуропаның Таяу Шығыс, Орта Азия және Африкадағы бейнесі жайлы сөз қозғалмақ”, деп түсіндіреді профессор Коллинз.

Мальталық Еуропалық Парламент мүшесі, Тереза Комодини Кэшия ханым, көптеген дипломатиялық іс-шараларда адам құқықтарын сақтау мәселелрін қарастыру барысында Еуропалық Одақтың маңызды рөл атқарып жатқаны жайлы сөз қозғамақ.

Брюссельдегі Vrije университетінің ғылыми координаторы Люк ВанЛангенхове Еуропалық Одақтың тұрақты дамуға жетелейтін сенімді серіктес екендігін көрсететін “балама фактілерді” ғылыми дипломатияның көмегімен түсіндіреді.

Байланыс

Семинар жайлы толығырақ білу үшін:

Нейл Коллинз, Саясаттану профессоры

АҚ “Назарбаев Университеті”, Астана, Қазақстан

Телефон: +353 87 6694841; +77010140916

E-mail: neil.collins@nu.edu.kz

EU

Бұл семинра Еуропалық Одақтың зерттеулер және инновацияларға байланысты “Көкжиек 2020” бағдарламасының Nº693799 гранттық келісімі бойынша қаржыландырған семинар болып табылады