Жаңалықтар

Биоархеология және Қазақстанның қола ғасыры: Шақырылған ғалым НУ студенттеріне шеберлік сыныбын өткізді

2019-10-25 12.27.49

2019 жылдың қазан айында Питсбург Университетінің профессоры, биоархеолог Элиса Баллион Назарбаев Университетінің Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі студенттеріне адам сүйектерін зерттеуге байланысты шеберлік-сыныбын өткізді. Шеберлік-сынып Антропология Зертханасында ұйымдастырылды. Шеберлік-сынып барысында тыңдаушылар Қазақстан территориясында осыдан 4000 жыл бұрын өмір сүрген адамдардың анатомиясын, палеопатологиясы мен жынысын анықтаудың әдістерін үйренді. Шеберлік-сыныбына барлығы жетпіске жуық студент қатысты. Шеберлік-сыныбы үшін қола ғасыры ескерткіштерінен антропология департаментінің қауымдастырылған профессоры Паула Дупью және қазақ тілі және түркітану департаментінің оқытушы ассистенті Айдын Жүнісхановтың жетекшілігімен Шығыс Қазақстан өңірінде жүргізілген археологиялық зерттеулер нәтижесінде табылған сүйектер пайдаланылды.