HPRS жаңалықтар

Д-р Филлипе Форенің тағайындауы

Philippe-Foret-Copy-960×340

Еуропадағы перспективалық зерттеулер институты өздерінің сарапшысы ретінде Профессор Филипп Форені қайта тағайындады. Ол Кембридждегі Өнер, Әлеуметтік ғылымдар және Гуманитария орталығында, Берлиндегі Перспективалық зерттеулер институтында, Париждегі Перспективалық зерттеулер институтында, the Istituto di Studi Avanzati of Bologna-да, Швед коллегиумында, Нидерландыдағы Перспективалық зерттеулер институтында және т.б. 10 ай өткізу нәтижесінде, ғылым бойынша көп салалы қолданбаларды дәрежелейтін болады. Филипп, сондай-ақ Француздық Ұлттық ғылыми агенттігінде сарапшы ретінде қызмет атқарады. ANR агеттігі Филиппті 700,000,000 АҚШ долларына тең болатын және Франциядағы жоғарғы оқу мен зерттеуде зор мәні бар бағдарламаға жұмыс жасауға шақырды. Тамыз айының соңына қарай, ол докторлық дәрежеге арналған мектептердің ашылуына әкелетін бірнеше ұсыныстарды қарастыратын болады. Соңында, Филипп 1,700,000 АҚШ долларына тең *** Сыйлығының иегері болатын жетістіктері бар көрнекті ғалымды бағалайды.

Людвиг-Максимилиан университеті және Мюнхендегі неміс музейі Филипп Форені Рейчел Карсон орталығының мүшесі ретінде сайлады. Рейчел Карсон орталығы Чикаго Баспасөз университетіне берілген кітапты аяқтау мақсатымен Филиппті келесі көктемде қайта шақырмақ. Оның басқа кітабының қолжазбасы осы жылдың шілде айында баспаға жіберіліп, 2018 жылдың сәуір айында Женевадағы кітап жәрмеңкесінде жарық көреді. Женевадағы халықаралық қатынастар институтындағы Филипптің командасы  Швейцария ұлттық ғылыми қорының  570,000 АҚШ долларына тең грант иегері атанды. Бұл грант Филипп пен профессор Марк Хуфтимен жасыл энергияны басқару және литийдің жаһандық экологиясы бойынша бірлесіп жасаған жобаға берілгенн.

Филипп осы жобаны 15 маусымда Назарбаев Университетінің Инженерия мектебі мен қолданбалы ғылымдар бойынша Цюрих университетінің Инженерия мектебі бірлесіп ұйымдастырған конференциясында ұсынған болатын. Swissnex және швед университеттірінің көрсеткен қаржыландыруларының арқасында бірінші рет Швед-қазақ семинары жүзеге асты.  “Towards Smart Sustainable Cities – Integrated Approaches” атты екі күндік семинарға он сегізден артық халықаралық зерттеушілер қатысты. Қатысушылар ректормен және біздің факультетпен тұрақты болашақтағы екіжақтық ынтымақтастық, энергия мен лингвистика жөніндегі қалалық және экологиялық зерттеулер жөнінде талқылаулар жүргізді.

Қазіргі таңда, Филипп Гонконг, Мюнхен және Цюрихтегі үш пост-докторлық зерттеу жобаларын жетекшілеп жүр. Оның докторанттарының бірі осы күзде Шеффилд университетінде  Қытайлық бақ сәулеті бойынша диссертациясын қорғайтын болады.

Соңғы екі ай ішінде, Филипп Мюнхенде (жер туралы ғылымдардағы цензура тарихы және империялық Қытайда климаттық зерттеулер әдіснамасы) және Цюрихте (экологиялық гуманитариядағы вулканология) баяндамалар өткізді. Париждің беделді “Жоғарғы қалыпты мектебі” Филиппті әлемдік тарих бойынша Азияның перспективалары жөнінде өтетін семинарға лектор ретінде шақырды.  Ол Парижде өткен лекциясына дайындаған Орталық Азиядағы соңғы климаттың өзгерісін карталау бойынша жазылған жұмысын _Annales de géographie_ -ге және Мюнхендегі лекциясында оқыған Қытай климатологиясының индукция теориясы жайлы жазылған жұмысын _Environmental History_-ге өткізіп кеткен болатын.