DYNAMICS DAYS ОРТАЛЫҚ АЗИЯ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ӨТЕДІ
Соңғы Dynamic Days Орталық Азия конференциялары: Хива, Өзбекстан, 2015, http://ddays2.sci.uz/, Назарбаев Университеті 2016, Бухара, 2017, Өзбекстан, http://www.ddaysca4.las.uz/
Бұл конференциялардың негізгі мақсаты – күрделі сызықтық емес жүйелер туралы ғылымда пайда болған мәселелерді және олардың болашағын талқылау. Соңғы онжылдықтарда Күрделілік ғылымы модельдеу, деректерді талдау, болжау және бақылау мақсаттары арқылы жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдардың әртүрлі салаларымен айналысты. Онда статистикалық физика, бейсызық динамика және стохастикалық процестердің әдістері қолданылады, сонымен қатар биология, медицина, жер және қоршаған орта жайлы ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және қаржы салаларында зерттеулер жүргізілуде.
Күрделілік ғылымы экологиялық және медициналық мәселелерді, сонымен қатар табиғи апаттарды (мысалы, жер сілкінісі, жер көшкіні, көшкін және т.б.) басқару проблемаларын түсінуге және шешуге ықпал ете алады. Бұл тек математикалық модельдеуді қолдану арқылы ғана емес, сонымен қатар жаңа әдістердің пайда болуының арқасында бізге жүйенің күйін бақылауға, оның эволюциясын болжауға және төтенше жағдайлардың ықтималдығын бағалауға мүмкіндік береді.
Осылайша, бұл кездесулердің негізгі мақсаты – Орталық Азиядан келген тәжірибелі зерттеушілерді, жас ғалымдар мен студенттерді және Еуропа, АҚШ, Жапония, Корея және басқа да елдерден келген әріптестердің біріктіру.
Ғылыми бағдарлама күрделі жүйелер мен сызықтық емес динамиканың әртүрлі аспектілерін қамтиды. Толық ақпарат үшін сілтемеден өтіңіз https://ssh-old.nu.edu.kz/6th-dynamics-days-central-asia/