Джон Хопкинс университеті профессор Эллиотт Боуэннің «Жыныстық денсаулықты іздеуде» кітабын жариялады
Мерез жайлы тұжырым осы аурумен ауыратын адамдарды емдеу түрлерін қалай қалыптастырды? Әңгіме Озарктың ішкі аудандарындағы қаланың мерезге байланысты медициналық көмек көрсету стандарттарын анықтауда қалайша шешуші рөл атқарғаны жайлы өрбімек.
1800 жылдардың аяғы мен 1900 жылдардың басында Арканзас қаласындағы Хот Спрингс шипажайы Америка Құрама Штаттарының ең жақсы шипажайларының бірі ретінде танымал болды. Осы уақыт аралығында ол жаққа саяхаттаған американдықтардың басым көпшілігі ел бойынша күрт тараған мерез ауруына шалдыққандықтан (немесе шалдықты деп ойлағандықтан) осы шипажайға орналасқан. Жеке клиникалар, әскери госпиталь және Америка Құрама Штаттарының Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі басқаратын венерологиялық аурулар клиникасы бар әсерлі медициналық инфрақұрылыммен жабдықтанған Hot Springs шипажайы әртүрлі емдеу әдістерін кеңейтті. 1940 жылдардағы антибиотикалық революцияға дейін, Hot Springs елдің жыныстық жолмен берілетін ауруларды емдейтін бірден бір орталыққа айналды.
Денсаулық саласын зерттеушілердің жеке жазбаларына, клиникалық іс құжаттарына және қаланың жеке тәжірибесімен айналысатын мамандарының жазбаларына сүйене отырып, In Search of Sexual Health дәуірдің «венерологиялық қаупін» медициналық практика тұрғысынан қарастырады.
Венерологиялық аурулармен ауыратын адамдар өз ауруларын қалайша түсінді және түсінсе, қандай терапиялық стратегияларды қолданды? Профессор резидент дәрігерлердің, келіп кетіп жүрген пациенттердің және жергілікті тұрғындардың Хот Спрингстің сифилиске деген реакциясын қалыптастырудағы ерекше рөлін атап өтіп, мерездің «басқалардың» (яғни жезөкшелер, иммигранттар және африкалық американдықтардың) стигматизацияланған ауруы ретіндегі мәртебесі пациенттерді емдеу түрлеріне тікелей әсер етті деп тұжырымдайды, ал бұл – әртүрлі клиенттер үшін (ерлер, әйелдер, байлар, кедейлер) әр түрлі нәтижелерге алып келді.
Жыныстық жолмен берілетін аурулар тарихы бойынша зерттеулердің көп бөлігі медициналық элиталар мен федералды органдардың іс-әрекеттеріне артықшылық берсе, бұл зерттеу аса танымал емес және алшақ орналасқан Hot Springs шипажайын американдық медицина мен қоғамдық денсаулыққа тікелей әсер ететін жергілікті түйін ретінде анықтайды. “In search of sexual health” кітабы жыныстық жолмен берілетін аурулар тарихындағы маңызды тарау туралы неғұрлым бай, күрделі түсінік бере отырып, нәсіл, жыныс, медицина, қаоғам денсаулығы және қоршаған орта зерттеушілері үшін құнды әрі таптырмас ақпарат көзі бола алады.
Кітап жайлы толығырақ ақпарат алу үшін сілтемеден өтіңіз: https://jhupbooks.press.jhu.edu/title/search-sexual-health