Елордалық студенттермен жоғары оқу орындарындағы кемсітушілік пен қудалау мәселелері талқыланады
18 қарашада Астанада Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Даму бағдарламасы Назарбаев Университетінің Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебімен бірлесіп елордалық университет студенттері үшін академиялық ортада кемсітушілік пен қудалаудың алдын алу бойынша семинар өткізеді.
Семинар аясында БҰҰДБ және БҰҰ Әйелдер ұйымының сарапшылары университеттерде қауіпсіз ортаны құрудың негізгі саясаты мен құралдары, жастармен гендерлік стереотиптер және әйелдер мен қыздарға қатысты гендерлік теңсіздіктің және зорлық-зомбылықтың негізгі себептері ретінде әйелдер мен ерлерге қатысты теріс пікір туралы талқылайтын болады.
Семинар Біріккен Ұлттар Ұйымының «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» жаһандық науқанының бір бөлігі болып табылады.
Спикерлер:
- Евгений Хон, м.а БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары
- Шигео Катсу, «Назарбаев Университеті» ДББҰ президенті
- Айсұлу Ерниязова, Ғылым және жоғары білім министрінің жастар ісі жөніндегі кеңесшісі – студенттік омбудсмен
- Гүлмира Шрахметова, Астана қалалық полиция департаментінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау басқармасының аға инспекторы.
- Динара Құсаин, БҰҰ әйелдер ұйымының коммуникациялар және адвокатура бойынша талдаушысы
- Гауһар Нұрша, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының гендерлік маман
Тіркелу үшін осы сілтемеге басыңыз.