HPRS жаңалықтар

“Empire, Colonies and Knowledge: Intellectual Exchange in the Russian Empire and the Soviet Union” конференциясының бейнежазбалары біздің YouTube арнамызға жүктелді

post – admissions – Разница между процессом поступления на программу Foundation и Бакалавриата, копия

Құрметті достар, мектебіміздің YouTube арнасынан Назарбаев Университетінде 2022 жылдың 21 және 22 мамырында өткен “Empire, Colonies and Knowledge: Intellectual Exchange in the Russian Empire and the Soviet Union” конференциясының спикерлерінің барлық сессиялары мен лекцияларын көруге болатынын хабарлауға қуаныштымыз.

Естеріңізге сала кетейік, конференцияға Қазақстан, АҚШ, Жапония, Германия және Ресейдің бірқатар көрнекті ғалымдары қатысты. Олар өздерінің қазіргі және бұрынғы ғылыми жобалары мен диссертациялардан үзінділер ұсынды. Бұл идеялармен алмасуға және осы саладағы ғылыми зерттеулерді алға жылжытуға ықпал етті. Олардың презентациялары аудиторияның қызығушылығын тудырып, қойылған сұрақтары конференцияның тақырыптық бағытының жоғары өзектілігін көрсетті.