HPRS жаңалықтар

Еуразия зерттеулері саласындаға магистратура бағдарламасының студенті Темірлан Тілеубек Дэвистегі Калифорния Университетінің докторантура бағдарламасына түсті

5

Өзіңіз жайлы айтып беріңізші және не себепті Еуразиялық зерттеулер саласындағы магистратура бағдарламасын таңдадыңыз?

Мұның бәрі мен бакалавриат бағдарламасында студент болып жүрген кезімде басталды. Сол кезде мен мамандығымды тарих пәнімен байланыстырамын деп шештім. Бірнеше жылдар бойы әр түрлі тарих курстарын өткеннен кейін, мен медицина тарихы саласына үңілуге бел будым. Менің ғылыми қызығушылығым – 19 және 20 ғасырлардағы Ресей мен Орталық Азиядағы ғылым мен медицина тарихы.

Докторантураға түспес бұрын мен тарих бойынша білімімді шыңдауым керек және академиялық жетістіктерімді жақсартуым керек еді, сондықтан мен Еуразиялық зерттеулер бағдарламасы бойынша магистратура бағдарламасына түсуге шешім қабылдадым. Бұл бағдарлама маған пәнаралық тақырыптарды толық түсінуге көмектесті.

Өзіңізге ұнаған курстарды атай аласыз ба?

Сүйікті курстарымның тізімі жоқ, өйткені оқу жылы бойы өткен әр курс өзінше қызықты болды. Міндетті курстардан басқа, мен әрдайым ғылыми қызығушылықтарыма жақын курстарға тіркелуге тырыстым.

Ғылыми қызығушылықтарыңыз жайлы айта кетсеңіз?

Мен әрдайым орыс медицинасының тарихы саласында өзіндік жұмыс жасауды қалайтынмын және қазіргі кезде Кеңес Одағының алғашқы тарихындағы Жаңа Кеңес балалары тұжырымдамасын қарастыратын Тезис жобасын дайындап жатырмын.  

NU (SSH) оқытушылары жайлы айта кетсеңіз. Олар студенттің оқу өмірінде қаншалықты маңызды?

Оқутышылар студент өмірінде өте маңызды орын алады. Жобаларымды сәтті аяқтауға capstone және Тезис бойынша кеңесшілерімнің қолдауы мен көтермелеуі көмектесті. SSH оқытушылары менімен өз білімдерімен бөлісті және әрдайым көмектесуге, әртүрлі кеңестер беруге дайын болды.

Сіз академиялық мансапқа жетуді жоспарлап отырсыз ба? Сіз неге PhD дәрежесін алғыңыз келеді?

Мен Ресейдің және Орталық Азия медицинасының тарихын зерттеу үшін PhD дәрежесін алғым келеді. Мен де университеттерде сабақ беріп, өз білімімді басқа ынталы студенттермен бөліскім келеді.

SSH-де оқып жүрген кезіңізде қандай маңызды дағдыларға үйрендіңіз?

Мен аналитика, сыни тұрғыдан ойлау, дәлелді мақалалар жазу, кітаптар мен мақалаларға шолу, шектеулі уақыт аралығында көптеген мақалалар мен кітаптар оқу сияқты маңызды дағдыларды үйрендім. 

Болашақ SSH студенттеріне қандай кеңес берер едіңіз?

Екі жыл бұрын мен Дэвистегі Калифорния университетіне қабылданамын деп ойлаған емеспін. Бұл ұсақ-түйек кеңес болуы мүмкін, бірақ уақытты үнемдеу, өз ісіне берілгендік пен табандылық өте маңызды.

P.S . Маған сұрақтарыңыз болса, қуана жауап беруге дайынмын.