ГӘҒМ профессоры өзінің алғашқы кітабын жариялады Ақпан 26, 2017 ГӘҒМ ассистент профессоры доктор Элен Тибо Совет атеистік мұрасына байланысты Тәжікстандағы діни жаңару мәселесіне қатысты «Тәжікстанды трансформациялау: посткеңестік кеңістіктегі Орталық Азиядағы мемлекет құру және ислам» (“Transforming Tajikistan: State-Building and Islam in Post-Soviet Central Asia”) атты алғашқы кітабын жариялады. Кітапта кеңестік билік құрылымдары мен көзқарастарының терең және ұзаққа әсер етуі, сонымен қатар, авторитаризмді күшейту контексіндегі зайырлы және діни текті сәйкестіктің қақтығысуы бейнеленген. Материалдарды http://bit.ly/2EW5Pfj мекен-жайы арқылы табуға болады.