Жаңалықтар

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің қазақ тілі және түркітану кафедрасының оқытушысы Айдын Жүнісханов «Сана» арнайы жобасында

2019 жылдың 1 наурызында «Сана» арнайы жобасында біздің ассистент оқытушымыз Айдын Жүнісханов қазақтардың генезисіне қызығушылығы туралы және антропология мамандығын не үшін таңдағаны туралы сұхбат бердi. Қазіргі уақытта Айдын Жүнісханов Семей қаласының сыртында орналасқан неолиттен заманауи уақытқа дейін шоғырланған ескерткіштер туралы мәселелерді зерттеп жатыр. ДНҚ талдауының нәтижелері бойынша қола дәуірінен келе жатқан ұрпақтардың сабақтастығын, қазақ халқының этногенезінің үш мың жылдық тарихы туралы жетекші қазақстандық антрополог Оразақ Исмағұловтың теориясын дәлелдеуге болады.

 

Сұхбатқа сілтеме: сілтемеге өтіңіз