Жаңалықтар

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің түлектер дипломдарын алды

fd78a81341caeb5df4a5c2811a76c8c5-960×340

2018 жылдың 1- 2 маусымында Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі   магистратура түлектерінің төртінші оқу бітіру рәсімін өткізді. Диплом беру рәсімі Назарбаев Университетінің (бұдан әрі – НУ) президенті Шигео Катсу мырзаның сөз сөйлеуінен басталды. Шигео Катсу мырза бүкіл НУ қоғамдастығына алғысын білдіріп, түлектерге қиын заманда әрқашан дұрыс ойлауға кеңес берді. Содан соң   Университеттің Провосты  д-р Адесида Илесанми студенттерді құттықтап, оларға көп көмек көрсеткендері үшін өз ата-аналарына алғыс айтып, қошеметтеулерін сұрады.

Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың осы рәсімге қатысуы түлектер үшін ең керемет сыйлық болды. Нұрсұлтан Әбішұлы түлектерге арнап сөйлеген сөзін былайша аяқтады: «Мен алдымда тұрған қиындықтарға қарамастан, тәуелсіз мемлекет құрдым. Сіздерге де сондай биіктерге жетулеріңізді тілеймін».

Диплом беру рәсімі декан мен оның орынбасарының, сондай-ақ барлық кафедра меңгерушілері басшыларының  тілектерімен аяқталды.

Биылғы оқу жылы мектебімізді 24 магистрант (олардың ішінде 3 үздік)  және 145 бакалавр бітіріп шықты ( олардың ішінде 21 студент құрмет белгісімен бітірді; 8-і жоғары құрмет белгісімен; және 4-і ең жоғары құрмет белгісімен бітірген). Сондай-ақ біздің түлектердің көбісі Орталық Еуропа Университеті (Венгрия), Джордж Вашингтон университеті (АҚШ),  Аризона университеті (АҚШ), Мэриленд университеті (АҚШ) және Иоганн Вольфганг Гёте атындағы  Франкфурт университеті сияқты жоғары оқу орындарына  одан әрі магистратура немесе докторантура бағдарламаларына түскендерін хабарлауға қуаныштымыз.