Жаңалықтар

Химия кафедрасының профессоры Тимур Атабаев ғылыми жарияланымдары үшін беделді марапатқа ие болды

News 2

Химия кафедрасының профессоры Тимур Атабаев Web of Science тәуелсіз премиясының «Үздік рецензент» номинациясында «Ғылым жетекшісі» жеңімпазы атанды.

Clarivate Analytics жыл сайын жоғары білім мен ғылыми зерттеулерді дамытуға қосқан үлесі ең әсерлі және мағыналы болып табылатын білім беру мекемелеріне, ғылыми-зерттеу мекемелеріне, ғылыми журналдарға және жеке ғалымдарға Web of Science «Ғылым жетекшісі» премиясын ұсынады.

Бұл марапат көбінесе әлемдік және аймақтық академиялық қоғамдастықтардың ішіндегі ең беделділердің бірі деп аталады және кез-келген жылы марапатталушылардың саны бүкіл әлемде ешқашан 500-ден аспаған. 2011 жылдан бастап бұл марапауттаулар Қазақстанда белгілі ғалымдар мен зерттеушілер, мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысатын жыл сайынғы марапаттау рәсімінде табыс етіліп келеді.