KazLT жаңалықтар

V Халықаралық Азия тілдері мен әдебиеті симпозиумы (ADES) Назарбаев Университетінде

MSS_6490

2019 жылдың 20-22 маусымында Назарбаев университеті гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің қазақ тілі мен түркітану кафедрасы, Эрджиес Университеті (Түркия) және Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен бірлесе (Қазақстан, Түркістан) 5-ші Халықаралық Азиялық тілдері мен әдебиеті бойынша «Мәдениеттер тоғысында» атты халықаралық симпозиумды ұйымдастырды. Симпозиум ғылыми қызметкерлердің басын қосуға және ғалымдар арасында Азиялық тілдерді зерттеуге байланысты идеялар ағынын кеңейтуге бағытталған.

Симпозиумда 3 басты спикерлер Wen-chin Ouyang (Ұлыбританияның SOAS University of London), Анна Олдфилд (Coastal Carolina University, АҚШ) және Кудеринова Куралай (Ұлттық ғылым академиясының тіл білімі институты, Қазақстан) ғылыми жұмыстарын баяндады:

Wen-Chin Ouyang «Кофе, кофехана және империя: Әлемдік әдебиет Жібек жолы»
Анна Олдфилд «Құтқарушы ретінде аударма: Утопияны ағылшын тілінде іздеу – түрік аудармасы»
Құралай Кудеринова «Қазақ тілі: өткен, бүгінгі және келешегі».

Симпозиумда 40 шақты мақалалар қазақ, ағылшын және түрік тілдерінде баяндалды.

Конференция Эрджиес Университетінің (Түркия), Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің (Қазақстан, Түркістан) және Назарбаев Университетінің қазақ тілі мен түркітану кафедрасының күшімен табысты өткізілді.