MAPSIR студенті Астанада өткен Сирия бейбітшілік келіссөздері жайында әсерлерімен бөліседі Қаңтар 31, 2017 Назарбаев Университетінің саясаттану және халықаралық қатынастар магистратура бағдарламасының (MAPSIR) студенті Жамиля Нұрқанова Астанада өткен Сирия бейбітшілік келіссөздері бойынша төмендегідей бөліседі: “Қаңтардың 23-24 аралығында мен Астанада өткен Сирия мәселесін шешу туралы келіссөздеріне қатысуға бірегей мүмкіндігіне ие болдым. Мен BBC ұжымының бөлігі болдым. Khashayar Joneidi журналист пен оның әріптестеріне брифингтерді аудару, түсініктеме алу үшін мамандарды іздеу, сондай-ақ Қазақстанның сыртқы саясатының соңғы жаңалықтары туралы хабардар болу менің негізгі міндетім болды. Бұл тәжірибе маған бүкіл әлемнен келген 400-ден астам журналистердің, соның ішінде Әл-Жазира, New York Times, DW және CNN сияқты ақпараттық қызметкерлердің жабық есік саясатында өткен төтенше жаңалықтарды жинау, өңдеу және жеткізу бойынша жұмыстың куәсі болуына мүмкіндік берді. Сонымен қатар, мен жоғары деңгейдегі өтетін кездесуде Қазақстан қарсылас жақтардың қауіпсіздігіне қамтамасыз ету жайындағы ең маңызды рөлдердің бірін атқаратынын байқадым.“