Назарбаев Университеті FLTAL конференциясының салтанатты жабылу рәсімін ұйымдастырушылардың бірі болды
Назарбаев Университеті 2017 жылдың 12 мамыр айында Астана қаласында өткен Шет тілін оқыту және қолданбалы лингвистика (FLTAL) конференциясының жабылу салтанатын бірлесіп ұйымдастырды.
“FLTAL конференциясы Қазақстандағы тілдік оқыту мен үйрену саласындағы ірі конференциялардың бірі болып табылады. Конференцияға 400-ден астам тіл мамандары мен ынтагерлер қатысты және алдағы жылдарда қатысушылар саны артады деп күтілуде. Сондай-ақ, конференцияның аясында Қазақстанға әлемдегі ең озық профессорлар келді. Орталық Азиядағы қазіргі жағдайда және кейбір елдердегі этникалық шиеленісте FLTAL секілді конференциялардың маңызы өте зор, себебі, осындай конференциялар ынтымақтастық, төзімділік пен өзара түсіністікті жәрдемдеседі.”
ГӘҒМ-нің Тілдер, Лингвистика және Әдебиет кафедрасының професоры Андрей Фильченко және ГӘҒМ-нің маркетинг менеджері Айгерім Нұрғалиева екеуі конференция қонақтарына арналған жанды концерт, кампус бойынша тур және тамаша банкет ұйымдастырды. Іс-шара ұйымдастыруға зор үлес қосқан келесі (тамаша) тұлғаларға алғысымызды білдіргіміз келеді:
Азамат Ақбаров – FLTAL конференциясының төрағасы
Сәуле Мұсабекова және ШЫРАҚ студенттік клубы – Қазақ тілі мен Түркітану кафедрасының нұсқаушысы (жанды концерт)
- М. Шәріпов – Халықаралық ынтымақтастық департаментінің аға менеджері (НУ Кампус Туры)
- Б. Досмақов – Байланыс және маркетинг департмаентінің менеджері (керемет фото-суреттер)
- А. Конкакова – Студенттік істер жөніндегі департаментінің менеджері (концертті ұйымдастыру)