HPRS жаңалықтар

Назарбаев Университеті гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің дінтану кафедрасы «Ресей империясындағы діни төзімділік[төзімсіздік]» атты халықаралық конференциясын өткізді

20181005-IMG_7814-960×340

2018 жылғы 5-7 қазанда Назарбаев Университеті гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің дінтану кафедрасы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті және Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен әріптестікте «Ресей империясындағы діни төзімділік[төзімсіздік]» атты халықаралық конференцияны өткізді. Үш серіктес университет зерттеушілерімен қатар Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия, АҚШ, Жапония және Еуропа елдерінен келген ғалымдар Ресей империясында мұсылман халқына төзімділік, имперлық құқықтық жүйесіндегі ислам заңының орны, имерияның әртүрлі діни ағымдар арасындағы қатынастарды реттеу тәжірибесі және ар-ождан бостандығын заңдастырудың сәтсіз әрекетін талқылады. Конференцияның соңғы бөлімінде  Кеңестік Ресейдегі діни саясаттың дамуындағы имперлық мұра тақырыбы қозғалды.